Суббота, 27.04.2024, 01:07
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Тыңда мені жүрекпен

Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы ел арасында аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен терең танысуға мүмкіндік алды.
2013 жылдың халық жаппай оқитын кітабы ретінде, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты  лирикалық жыр кітабы ұсынылды.
Акция мақсаты: оқырман мәдениетін қолдау мен дамыту, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, ана тіліне құрметпен қарау.
Міндеттері: 
-ұлттық әдебиетке деген оқырмандар қызығушылығын қолдау мен дамыту;
-кітап оқу проблемаларына ғалымдардың, мамандардың, мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінің назарын аударту; 
-потенциалды оқырмандарды тарту;
-баспахана ұйымдарының қазақстандық авторлар кітаптарын шығаруға қызығушылықтарын арттыру;
-әлемдік әдеби үдерісте қазақстандық авторлардың шоғырлануы.
Акция мазмұны: бүкіл ел болып бір уақытта бір кітапты оқып шығу мен талқылау, осы кітапқа арналған түрлі шараларды өткізу.
Акцияны өткізу үшін кітапты таңдау азаматтардың ниеттерін анықтау амалымен, мекемелер, ұйымдар, оқу орындарында сауалнамалар жүргізу арқылы, телефон арқылы сұрау, ауызша сұрау арқылы жүреді. 
Акция кезінде іс-шара өткізу формасы әртүрлі болуы мүмкін. Олар: сынып сағаттары, әдеби кештер, талқылаулар, кітап бойынша фильмдерді тамашалау мен талқылау, жазушылармен, әртістермен кездесу кештері, телемарафондар, клуб отырыстары, қойылымдар. 
Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Ақын – өз заманының ар-ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Әлденеден мұңайған кезінде, біреудің пасықтығынан жүрегі мұздаған кезінде, кешегі досының бүгін теріс айналғанын көргенде Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі-дауасы – поэзия.

Көңілді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,

Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! – деп толғайды. «Асау толқын» атты өлеңінде:
Тағдырыңды сенің тапсырдым сенімді ұрпаққа
Көз нұрың, болашағыңда – сол түбінде, елім
Келеді әйтеуір бір ұрпақ менің соңымнан – бар үміт сенде.
О, асау толқыным менің! – деген жолдардан ақынның жастарға үлкен сеніммен, үмітпен қарайтыны анық байқалады.
Ақын жырында әйелдер бейнесінің көңіл күйі дауылды сезім болып жырланады, тек жай жырлау емес, қазіргі замана талабының биік өрісіне лайықтап жырлау – Фариза туындыларының бір қыры.
Әйел – Ана тақырыбы. Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: «Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан-дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді. Менің бұл тақырыптағы лирикалық кейіпкерім – әйелдер. Олардың тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы өлеңдерімнің арқауы», – дей келе:

Өз-өзіммен өртеніп барам жанып,
Жүректен жас ағады тарамданып.
Менде жоқ қой бұл күнде тым болмаса,
Ақтарылар алдыңда саған барып.
Жасқа ғана толады жанар налып,

Мен үшін тұр дүние қараң қалып, – деп, әйелдің мұң-қайғысын сыр ғып шертеді. Енді бірде ақын:
Мезгіл бұршақ жаныңа салып таңба,
Қайратыңнан қайысып, налып қалма,
Сені іздейтін аға бар тарыққанда,
Інілер бар дем берер жабыққанға.
Бір ақиқат – бәрібір жоғалмайсың,
Жоғалмайтын жоқтаушы халық барда, – дейді.

Демек, азаматтық, қоғамдық, әлеуметтік көркем тұжырым жалаң публицистикалық шалқу дидактикалық толғаумен әсте терең ашылмақ емес, қайткен күнде де поэтикалық бейне, тұлғалы образ, сөз суретінің құдіреті бірінші қатарда, дәлірек айтқанда, ақындық сезім, қаламгерлік идея өзара ажырамас диалектикалық тұтастықта көрінеді.

Мен даланың қызы едім,
Жазығында жатпайтын көз ілер қара.
Жазира менің жанымның өзі де дара.
Асқар көрмеген мен шіркін биік дегенді

Өлшеуші ем сонау аспанның өзімен ғана, – деген шумақта қаламгердің шыққан, өскен ортасын дәл көрсететін поэтикалық деталь, әдемі образды сурет жатыр. Сондай-ақ , ақынның биік арманы анық көрінеді. Фаризаның беріліп, шабыттанып, аса құмарта, кең көсіліп жырлаған табысты тақырыбы – махаббат, сүйіспеншілік тақырыбынан басқа да саяси-әлеуметтік тақырыптарды әуелде публицистикалық толғау үлгісі арқылы игерген ақын бірте-бірте философиялық, психологиялық монолог формаларға ауысып суреттегенін көреміз. Туған жер, Отан-Ананы нақты сурет, бейнелі тіл, көркем тәсілмен өрнектейді.

        Туған жерге сағыныш.
О, туған жер, кең пейіл құшағың кең,
Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
Балапандай талпынып ұшамын мен, –
немесе:
«Сені қалай сүю керектігін
Мен ешқандай кітаптан оқымадым», – деп,туған жерге деген өзінің сағынышын, ерекше сезімін жырғып шынайы суреттейді. Ал:
Далам менің – қазынам, жыр сандығым,
Жыр нәрімен жер балқып, босанды құм.
Сортан жердің тұзы бар тамырымда
Ақшылтымдау сондықтан жусан жырым,–деген жолдардағы сезімі ерекше.
Фаризаның өз сөзімен айтқанда, «өнер де, өмірдің өзі сияқты, ылғи қуаныш пен шаттықтан тұрмайтыны белгілі». Сондықтан да болар, Фариза:
Менің жырым –
Құштарлық қысқан кеудемнен
Бұрқырап жатқан бір жалын… – дейді.
Ағынан ақтарыла жырлау, ой-сезім тізгінін өлең жолында іріктей еркін ұстау – Фариза туындыларының өзекті қасиеті.
«Атқа шапқан-бақыт деп женгелерім
Жұбатса да, жүрегім көнбей менің
Алып ұшып тұра алмай бір орнымда
«Бәйгесі құрсын, өзі аман келгей», – дедім…
Бұлай деп тек ана ғана бәйек бола алса керек. Ақын қыз соғыс зардабын, соғыстан оралмаған талай әкелер мен ағалардың, қыршын кеткен жастардың тағдырын айрықша бір сүйіспеншілікпен жырлайды.
Солай біздер қоштастық балалықпен,
Біз күткенбіз әкені, ана күткен.
Күту қиын, адам бұны ұқпаған,
Солдат көрсем, әлі күн тұрып қалам,
Әкем емес екен деп қадалып мен… –
немесе:
Келеді, рас, Жеңістер қасіретпен,
Құрбандықпен… талайдың шашы ағарып, – деген жолдарынан «Жеңіс күні» оңайлықпен келмегенін ашып айтады.

Табиғатты жырлау.  Мұнда ақынның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні, даусы анық байқалады. Ақынның «Жаз» деген өлеңі тұла бойы қолмен қашалып жасалған әдемі мүсінді көз алдына елестетеді. Сурет пен теңеу, өткір ойлар қосылып өрілгенде көз алдыңа ғажап дала бейнесі келеді. Жаздың ыстық жалынына төзе алмаған ерке бұлақ көрінісі – ғажап! Биік таудың басына ызғар, мұзы жатса да, төсінде қызыл ала қызғалдақтар жайқалып тұр. Бұл – әсем Алатаудың көз тоймас келбеті ғой!
Сұлулар барған сайға бұғып,
Қарайды көлдің бетін айна қылып.
Шіркін, жаз, жомартсың-ау базарлыққа,
Бересің жан біткенге жайдарылық.
Адам жанына шуақ сеуіп, күлімдеп жүретін жандар болады. Осындай адамды жадыраған жаз мінезді адам дейді. Бұл жерде ақын жаз бен адамды салыстырып отыр.
Табиғат тірі. Оған мына бір жолдарды оқи отырып көз жеткіземіз:
Бас иіп қырдың жасыл қияқтары
Тұрғандай жаныңа әсем күй ақтарып.
Көп-нәзік қырдың гүлі албырайды,
Алғашқы балғын сезім сияқтанып.
Күн шықты жанарыңнан нұр атылып,
Құм жатыр бұйра жонда шұбатылып.
Жартыкеш ай барады жаутаң қағып,
Үйінен кеткен қыздай ұзатылып.
Анықтап көз салсақ, осы өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі бар. «Жарты-кеш ай ұзатылған қызға ұқсаса, қыр тәтті ұйқысын қимай қалғып қана тыныштық құшағында жатыр. Ал нәп-нәзік қырдың жұпар гүлі алғашқы балғын сезімге ұқсайды», – дейді ақын. Шынында мұндай тапқыр да сұлу тіркестерді тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді.
Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын қуанта берері сөзсіз.