Среда, 25.06.2025, 22:40
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Июнь 2025  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Ф.Оңғарсынова шығармашылығы бойынша библиографиялық тізім

Құрметті жыр сүйер оқырман қауым! Сіздер төмендегі көрсетілген кітаптарды кез-келген уақытта орталық қалалық кітапханадан алып оқуларыңызға болады.

Қазақстанның халық ақыны Фариза Оңғарсынованың «Дауа» атты  жинағы таңдамалы өлеңдерінен тұрады.

Оңғарсынова, Ф. Дауа: өлендер / Ф. Оңгарсынова. - Алматы: Атамұра, 2002. - 287 б. - (Атамұра кітапханасы).



Бұл кітапта мұсылман дінінің негізін қалаған Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен ізгілік жолындағы еңбегі баяндалады.
      Сондай-ақ мұнда дін жолын ұстанудың шарттары мен жолдары, Құрандағы кейбір сөздерге түсініктеме, бірқатар аяттар мен сүрелердің қысқаша мазмұны да қоса берілген.

Оңғарсынова, Ф. Мұхаммед Пайғамбар / Ф. Оңғарсынова; Жобаның авторы М. Кемел.- Астана: Аударма, 2004. - 164 б. - (Даналық дәрістері).


Бүгінде Фариза Оңғарсынова Қазақстанның ең көп оқылатын авторы болып саналады. Оның шығармашылығының негізгі тақырыптары – сүйіспеншілік пен жек көрушілік, ерлік пен қорқақтық, жақсылық пен жамандық. Өзінің көптеген өлеңдерін ақын туған ауылына, жерлестеріне және бүкіл қазақстандықтарға арнады.

Оңғарсынова, Ф. Сенің махаббатың: өлеңдер / Ф. Оңғарсынова. - А.: Жалын, 1977

Фариза Оңғарсынованың шығармаларына әлеуметтік пен азаматтық тән, ақын жырлары отансүйгіштік рухты оятып, туған халқын сүюге, құрметтеуге, оның дәстүрлері мен мәдениетін қастерлеуге шақырады.
  
 Унгарсынова, Ф. Гончая птица: стихотворения и помы /Унгарсынова Ф.; авториз. Пер. С каз. Т. Фроловой.-М.: Худ. лит., 1988. - 144 с.



«Нежность» - қазақ ақынының орыс тіліндегі бірінші танымал кітабы. Оның туған жерге, табиғатқа деген нәзік сезімі осы жинақтағы өлеңдерінен байқалады. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді. 

Унгарсынова, Ф. Нежность: Стихи / Фариза Унгарсынова // А.: Жалын, 1977. -120 с.