Орталық қалалық кітапханада «Жас журналист» клубы аясында 8-наурыз Халықаралық әйел-қыздар мерекесіне арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кездесу кеші өтті.
Кешіміздің басты қонағы қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінің жоғарғы санатты мұғалімі, қазақ тілі, қазақ әдебиеті бойынша ҚР мұғалімдер арасында өткен тұңғыш олимпияда жүлдегері, ҚР білім беру ісінің үздігі, №5 КМЛ пәндер бойынша талай жұлдыздарға білім берген Киршимова Алима Кұрмашқызы.
Орталық қалалық кітапханада 8-наурыз халықаралық әйел-қыздар күніне орай, «Қыз еркем, қылығымен көркем!» танымдық бағдарламасы өтті. Шараға «Сырласу» клубының мүшелері мен Тау-кен техникалық колледжінің студент қыздары қатысты.