14:17 «Сыйынар ем ана деген тәңірге» | |
Орталық қалалық кітапханада «Жас журналист» клубы аясында 8-наурыз Халықаралық әйел-қыздар мерекесіне арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты кездесу кеші өтті. Ұстаз - ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын асыл жандар, интелектуалдық әлеуеті мықты, эрудициясы жоғары, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаз! Шара барысында Алима Құрмашқызы оқушылармен сұхбаттасып, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ қатысушыларды ақындардың өлеңдерімен сусындатты. Өзінің шығармашылығынан да өлеңдер оқып берді. Кітапханашы арнайы қойылған кітап көрмесімен таныстырды. | |
Просмотров: 782 | Добавил: natmay |
Всего комментариев: 0 | |