Орталық қалалық кітапханада «Сырласу» клубының мүшелерінің тілге тиек еткен әңгіме жастарға, оның ішінде қыз балаларға беріліп жатқан тәрбие екендігіне тоқталды. Сөз басын елбасымыздың Нұрсұлтан Әбішұлының «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман елдерінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қастерлейтін халықтың бірі де, бірегейі де – біздің қазақ », – деген сөзбен бастады.