16:16 «Жаңа бағыт – жаңа ізденіс» | |
Орталық қалалық кітапхананың «Алтын қалам» жас ақындар клубы аясында «Жаңа бағыт – жаңа ізденіс» атты клуб отырысы өткізіледі. Клуб мүшелерімен бірлесіп келер жылдың жоспары талқыланды. Әрі қарай, бүгінгі күні қызу талқыланып жатқан маңызды мәселелердің бірі – латын әліппесіне көшу туралы «Латын әліпбиі - тәуелсіз ел ретіндегі еркін таңдауымыз» тақырыбында талқылау сағаты жүргізілді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің кезекті Жолдауларының бірінде: "Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз.Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет.Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманға ақпараттың тіліне айналдырады "-деген болатын. Осыған орай, клуб мүшелері де өз ой-пікірлерін ортаға салып, қызығушылық танытты. Сондай-ақ, латын тілінде жазып, оқыпта көрді. Қайта жаңғыру заманындағы барлық озық технологияның үлгісі болып отырған латын әліпбиіне көшу бұл – еліміз үшін, өнеріміз бен мәдениетіміз үшін үлкен рухани құбылыс. Латын әліпбиін енгізу – халқымыздың білімі мен мәдениеті, өнерінің дамуына тағы бір серпіліс әкелетін дара жол. | |
Просмотров: 710 | Добавил: natmay |
Всего комментариев: 0 | |