Орталық қалалық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты қалалық депутаттармен кездесу кеші өткізілді. Кеш қонақтары - «Степногорск энергокомплекс» ЖШС директорының орынбасары – ПератинскийВячеслав Валерьевич, Степногорск қалалық филиалы "Нұр Отан" партиясының төрағасының бірінші орынбасары Омарова Шолпан Жұмабекқызы, ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК Степногорск қ. филиал директоры Дархан Серікұлы Балпанов. Сондай-ақ, №5 КМЛ 8-сынып оқушылары, Тау-кен техникалық колледжі және №2 ҚТК студенттері мен мұғалімдері қатысты.