17:47 Теңге – мемлекет келбеті | |
Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көр¬сет¬кіш¬терінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мере¬кесінің бірі екені сөзсіз. Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Осыған орай орталық қалалық кітапханада Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 15 қараша банк қызметкерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға тау-кен техникалық колледжінің студенттері, №9 ОМ 11 «А» сынып оқушылары мен Казком банк қызметкерлері қатысты. Кеш барысында кітапханашы видео презентация арқылы «Теңге» тарихымен және арнайы қойылған «Теңге – мемлекет кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кеш қонақтары мамандықтары мен банк қызметі жайлы толық мәлімет берді. Ел болашағы жастарға өз кеңестерін беріп, студенттер мен оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, кеңінен сұхбат жүргізілді. | |
Просмотров: 775 | Добавил: L@RA |
Всего комментариев: 0 | |