12:04 «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» | |
Елбасымыздың жолдауында атап өткеніндей "адам елдің басты байлығы", осы адамдардың денсаулығының жақсы, жаман болуына өздерінің іс-әрекеттерінің әсері мол. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтанда әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек! Жастардың зиянды заттар туралы білімдерін тереңдету, салауатты өмір салтына және имандылыққа тәрбиелеу, маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптарын айту мақсатында орталық қалалық кітапханада «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты сұхбат-ойын өткізілді. Шара барысында қатысушылар адам денсаулығына пайдалы және зиян заттар туралы айтты. Төрт топқа бөлініп, әр кезең бойынша берілген тапсырмаларды орындады. Шара тартымды да, қызықты өтті. | |
Просмотров: 779 | Добавил: L@RA |
Всего комментариев: 0 | |