Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалы аясында және 21 ақпан халықаралық ана тіл күніне орай, орталық қалалық кітапханада қала мектептері арасында «Тіл – халық қазынасы» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Шараға №5 КМЛ 10 -сынып оқушылары, №9 ОМ 9-сынып оқушылары, «Бөгенбай батыр» атындағы спорт мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысты.