15:59 «Тіл – халық қазынасы» | |
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалы аясында және 21 ақпан халықаралық ана тіл күніне орай, орталық қалалық кітапханада қала мектептері арасында «Тіл – халық қазынасы» атты зияткерлік сайыс өткізілді. Шараға №5 КМЛ 10 -сынып оқушылары, №9 ОМ 9-сынып оқушылары, «Бөгенбай батыр» атындағы спорт мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы тілдің маңыздылығына тоқталып, латын әліпбиі туралы мәлімет берді. Әріқарай қатысушылар 5 кезең бойынша сайысқа түсті. «Таныстыру» бөлімінде әр топ өздерін таныстырды. «Бәйге» бұл бөлімде сайыскерлер қойылған сұрақтарға нақты әрі тез жауап берді. «Кім зерек» бөлімінде ақындардың өлең жолдарынан үзінді берілді. Ол кімнің өлеңі және қай өлеңінен үзінді алынғанын айтып өтті. «Сөз - мәйегі - мақал» бөлімінде берілген мақал – мәтелдердің жалғасын тапты. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» бөлімінде бірнеше тақырыптар беріліп, сол тақырыптар бойынша шығарма жазды. Қатысушылар шығарма жазып болғанша көрермендермен викториналық сұрақтар қойылып, ана тіл туралы әндер орындалды. Қазақ тілі бойынша кітаптарға шолу жасалды. Сайыс қорытындысы бойынша «Тіл білгірі» номинациясымен «Бөгенбай батыр» атындағы спорт мектебі, «Тіл жанашыры» №9 ОМ, «Тіл қамқоршысы» №5 КМЛ марапатталды. | |
Просмотров: 791 | Добавил: natmay |
Всего комментариев: 0 | |