Орталық қалалық кітапхана Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында "Кітапхана – жалынды жастар орталығы" жобасын жасады. Бұл жоба студенттердің, жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуін қамтамасыз етеді. Жоба патриоттық тәрбие беруді, жас ұрпақтың азаматтық қоғамын қалыптастыруды, егде жастағы адамдарды құрметтеуді және ұрпақтардың сабақтастығын сақтауды көздейді.
Орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Атамекен» атты салт-дәстүр сағаты өтті. Шараға №4 «Болашақ» мектеп-интернатының 8 «Ә» сынып оқушылары қатысты. Шара барысында оқушылар қазақтың салт-дәстүрлері және ғұрыптарымен танысты. «Асық ойыны», «Бес тас» ойындары ойнатылды. Кітапханашы салт-дәстүрлерге байланысты кітаптармен таныстырды.
Орталық қалалық кітапханада «Сырласу» әйелдер клубы жұмысын жүргізіп келеді. Клуб - зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізу, рухани қарым – қатынас жасауға жағдай туғызу, ақпараттық ортада клуб мүшелерінің ой – өрісін кеңейту, үлкендердің ақыл-кеңес, тәрбиесі арқылы жастардың ұлттық мәдениетінің, білімінің рухани дамуына жағдай жасауға, жастар арасында адамгершілік, еңбек пен тәрбие тақырыптарында жұмыстар жүргізуге ықпал ету мақсатында құрылған.