Қазақ ақыны, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары «Бір ел – бір кітап» Республикалық акциясы аясында жалпыхалықтық оқуға 2017 жылғы «Жыл кітабы» ретінде таңдалды. Осыған орай, орталық қалалық кітапхана ұжымы мен барлық ауыл, кент кітапханашыларының қатысуымен «Дәуір туғызған ақын» атты презентация кеші өтті. Шараны кітапхана басшысы Роза Койкеновна ашып, «Бір ел – бір кітап» акциясының тарихына тоқталды және Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармаларын кеңінен насихаттауды ұсынды.
Орталық қалалық кітапханада 8 наурыз халықаралық әйел-қыздар мерекесіне орай «Көктемгі тамшылар сыңғырлайды» атты шара № 9 ОМ 10 сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Шара қазақ тарихындағы аналарды еске алумен басталды. Қатысушылар екі топқа бөлініп, қызықты ойындар әлеміне саяхаттады.