Орталық қалалық кітапханада 2015 жылдан бері «Алтын қалам» жас ақындар клубы жұмыс істеп келеді.
Кітапханадағы «Алтын қалам» клубы – жеке тұлғаны қалыптастыруда зор рөл атқарады. Себебі, жастар қарапайым ой тұтатып, қиял әлеміне шомылып кез келген нәрсеге өз ұсынысын, өз ойын еркін білдіре біледі. Клуб мүшелерінің арасында «Сөз құдіреті» атты сайыс екі кезең бойынша өтті.
Зияткерлік ойын арқылы жастарды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, жан-жақты білімін, ойлау өрісін, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілетін арттыру, шығармашылық және интеллектуалдық деңгейін көтеру мақсатында орталық қалалық кітапханада «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойынының жартылай финалы өтті.