Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын-алу жолдарын үйрету. Оқушыларға жақсы, саналы, білімді азамат болу үшін, мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің сау болуын, басты байлық - денсаулық екендігін түсіндіру. Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Дені сау ұлт – мықты мемлекет тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді.