16:03 «Дені сау ұлт – мықты мемлекет тірегі» | |
Оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын-алу жолдарын үйрету. Оқушыларға жақсы, саналы, білімді азамат болу үшін, мәнді өмір сүру үшін ең бірінші денің сау болуын, басты байлық - денсаулық екендігін түсіндіру. Оқушылардың ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Дені сау ұлт – мықты мемлекет тірегі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел №5 көпсалалы мектеп-лицейінің оқушылары мен медбикесі Найманбаева Мадина Есімовна және қалалық емхананың психолог дәрігері Айтимова Гүлнар Болатқызы мен әлеуметтік қызметкері Шаяхметова Айсұлу Айтпаевналардың қатысуымен өтті. Шара барысында жүргізуші презентация арқылы денсаулықтың қоғамдағы рөлі мен маңызы жайлы айтып өтті. Шарамыздың қонақтары Гүлнар Болатқызы «Білімді де дені сау ұрпақ тәрбиелеу-басты мақсатымыз» тақырыбында, Айсұлу Айтпаевна «Оқушыларды салауатты өмірге тәрбиелеу» тақырыбында баяндама оқыды. Қазіргі кездегі жасөспірімдердің денсаулығы мен психологиясы жайында әңгіме қозғалды. Мамандар Дұрыс тамақтану мен оқушының күн тәртібі туралы, адам ағзасына келтіретін пайдалы заттар мен зиянды заттардың әсері туралы айтып өтті. Бала психологиясын анықтайтын тест жүргізіп, суреттер салдырып, қорытындысын шығарды. «Біз дені сау ұлтпыз» тақырыбында видео тамашалады. «Жасөспірім. Денсаулық. Болашақ» тақырыбында қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды.
| |
Просмотров: 1753 | Добавил: natmay |
Всего комментариев: 0 | |