1-қыркүйек білім күніне арналған «Білімнің мініп тұлпарын» атты
пікірталас сағаты №9 орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен өтті.
«Білімнің мініп тұлпарын, Биікке құлаш ұрамын!» - деген жастар, «Білім дегеніміз – күш, Күш дегеніміз – білім. Білімдіден шыққан сөз - дүниені нұрға бөлейді. Білім ақылмен ұштаспаса, төңірегін қараңғылата түседі. Өмірмен жанасқан білім – бұл өлшеусіз байлық» - екенін айтып өтті.
Шара барысында Жүсіп Баласұғынның «Құтты білік» дастанынан үзінді, М.Шахановтың «Отарар кітапханасы», Өтебай Тұрманжановтың «Білім» өлеңі оқылды.