«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу
күні» – қазақша махаббат күні іспеттес тойланады. Яғни, 15 сәуір күнін белсенді
қазақ азаматтары бастап, жастар қостап, дәл осы күнді ғашықтардың төл мерекесі,
яғни «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күні деп белгілетіп, тойлатып жүр. Батыстағы
мерекелерді ескеріп, ешқандай күнге тура келмесін деп дәл осы күнге қойылған
болуы керек. Әр тараптан ұсыныс айтылса да жастарымыз «Әулие Валентиннің»
шекпенінен шықпай жүр. Әйтсе де биыл сірескен сең бұзылып, Орталық қалалық кітапханада
қазақтың махаббат мерекесі алғаш рет аталып өтілді.