Четверг, 21.11.2024, 17:34
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Май 2013  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0

Главная » 2013 » Май » 17 » «Ғашық жүрек»
12:51
«Ғашық жүрек»

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні» – қазақша махаббат күні іспеттес тойланады. Яғни, 15 сәуір күнін белсенді қазақ азаматтары бастап, жастар қостап, дәл осы күнді ғашықтардың төл мерекесі, яғни «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күні деп белгілетіп, тойлатып жүр. Батыстағы мерекелерді ескеріп, ешқандай күнге тура келмесін деп дәл осы күнге қойылған болуы керек. Әр тараптан ұсыныс айтылса да жастарымыз «Әулие Валентиннің» шекпенінен шықпай жүр. Әйтсе де биыл сірескен сең бұзылып, Орталық қалалық кітапханада қазақтың махаббат мерекесі алғаш рет аталып өтілді.

Кітапхана «Қозы Көрпеш пен Баян сұлу» күніне орай мек­теп оқушылары арасында «Ғашық жүрек» атты сайыс ұйымдастырды. А. Косарев атындағы №9 орта мектебінен келген жас өрендер өз өнерін ортаға салды.

Аталмыш шараның басты мақсаты – жастардың бойында шы­найы, таза махаббаттың қалыптасуына ықпал етіп, мектеп оқушылары арасында қазақтың ғашықтық эпостарын, салт-дәстүрін, алтындай сөз өнерін кеңінен насихаттау. Балаларды адамға тән ең шынайы сезімдерді бойына сіңіріп, өз сезімдеріне дұрыс басшылық жасай білуге, Отанға, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, ана мен бала арасындағы перзенттік махаббат, ата-анаға деген құрмет, досқа адалдық, ұстазға шәкіртінің шексіз ықыласты сезімдерін бағалай білуге тәрбиелеу, сондай-ақ, жастарды кітап оқуға тарту.

 Сахна төрінде Қалқаман мен Мамыр, Ақтоқты мен Ақан сері, Еңлік пен Кебек, Қыз Жібек пен Төлеген сынды жұптар Нұржанов Ақжол мен Муканова Асель, Сартаев Әділ мен Косанаева Томирис, Тойлыбаев Рауан мен Абдрахманова Томирис, Женисов Нұрбол мен Габдуллина Дина, Сеилханов Дамир мен Бортаева Альбина өз өнерлерін ортаға салды.


Сайыскерлер өздерін таныстырудан бастап, көптеген ойнатылған ойындардан өздерінің дарындарын көрсетті. Сайысты әділ бағалаушы әділ қазылар, Косымбаев Манап ОҚК инженер-систематехнигі, Ляззат Тұрғанбекқызы А. Косарев атындағы №9 орта мектептің мұғалімі, Бекзат Тұрғанбекқызы «Атамекен» клубының жетекшісі өздерінің әділ бағаларын берді. Сайыскерлерге мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыс етілді.  Шара соңында жүргізуші кітап көрмесімен таныстырды.

 

Қоғаммен байланыс әдіскері

И.Ш.Арапбаева

 

Просмотров: 1525 | Добавил: manap
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]