Наурыз
- жылдың әрі көктемнің бірінші айы. Парсының нау - жаңа, руз - күн, яғни «Жаңа
күн» деген сөзінен шыққан. Наурыз атауы бір-ақ күн жөнінде айтылғанмен ол толық
ай атын иеленген.
Наурыздың бірінші күні күн мен түн теңесіп, Жаңа жыл келеді. Бұл
айдың Шығыс елдері, оның ішінде қазақ халқы үшін орны бөлек. Оны жыл басы,
көктем басы, мереке басы деп санайтын халқымыз – «Ұлыстың ұлы күні» деп ерекше
құрметтейді.