Суббота, 27.04.2024, 18:29
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » Архив материалов

«Бір тойым бар сөзсіз менің,
Дәл қай күні екенін айта алмаймын,
Бірақ...бірақ...
Ешкімді де билетпей қайтармаймын...»
- деп, жырлаған тарпаң мінезді ақын, көкірегіндегі ұшқынды тұтандыра білген Төлеген Айбергенов қазақ өлеңіне тұтас бір дәуір сыйлады.
Төлеген Айбергеновтың 80 жылдық мерей тойына орай, Орталық қалалық кітапханада «Қыран жырдың, сұлу сырдың ақыны» атты поэзиялық көңіл күй кеші өткізілді. Шараға «Алтын қалам» жас ақындар клубының мүшелері, №9 орта мектептің 7-сынып оқушылары мен кітапханашылар қатысты.
Шара «Сағыныш» атты бейне көрсетілімінен басталды. Нұрсұлтан Алдажаров пен Жұлдызай Төлепова кешті жүргізіп, ақын өмір жолы мен шығармашылығына да тоқталды.
Төлеген жырларының халыққа етенелігі соншалық, оның өлеңдерін жатқа оқымайтын қазақ аз. Ақынның «Сағыныш», «Анама», «Ана», «Қазақстан көктемдері», «Әуен мен ырғақ жыры», «Бір тойым бар», «Адамдар»,т.б. өлеңдерін Мейрам Сабина, Талғат Аружан, Избасарова Айдана, Шабал Дильназ, Мұратбаева Гүлдана, Курганова Диана, Әлжан Дильназ оқыды.
«Ақ ерке ақ жайық», «Көнеміз ғой» әндері орындалды. Оспанов Еламан «Ақын Төлеген» атты өзінің шығармашылық өлеңін арнап, Әлкен Дильназ домбырада күй шертті. Кітапханашы ақынның жыр жинақтарына шолу жасады.

Просмотров: 728 | Добавил: L@RA | Дата: 18.02.2017 | Комментарии (0)

Ақын өлеңдерінің қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екендігін, Жастардың талдай, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, рухани танымдарын кеңейту, ерлікке, батырлыққа, табандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген шараға Тау-кен техникалық колледжінің 1курс студенттері қатысты. Шара Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасына 35 жыл толуына арналды. Өнерлі студенттер қазақтың дарабоз ақыны өр дауысты ғажап ақын Қасым Аманжоловтың бір топ өлеңдерін оқыды. Студенттер Қ.Аманжолов қазақ тіліне аударған «Ах, Самара-городок» атты орыстың халық әнін, «Жасдәурен» әнін шырқады. Қасым-өзінің өртке тиген өлеңдерімен ізгілікке тәнті болып, бүкіл қазақ халқының асқақ рухын аспанға көтерген ақын. Балалар кітапты қолдарына алып, 220 жолдан тұратын «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын кезек-кезек оқып, талдап, өз ойларын айтты. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Қасым Аманжолов, Абдолла Жұмағалиев туралы бейне көрсетілімдер де ұсынылды. Толастаған ақпараттар заманында интернет желісі арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын сайттар легімен таныстырылып, виртуалды көрме ұсынылды. Ән мен жырға толы ақын Қасым Аманжоловқа арналған әдеби кеш әсерлілігімен ерекшеленді.

  

Просмотров: 632 | Добавил: L@RA | Дата: 16.02.2017 | Комментарии (0)

Война – жесточе нету слова,

Печальней нету слова,

Страшнее нету слова.

В тоске и боли этих лет

И на устах у нас иного

Ещё не может быть и нет…

Война такой вдавила след

И стольких наземь положила,

Что и через 28 лет

Живым не верится, что живы…

 

 

Просмотров: 699 | Добавил: L@RA | Дата: 15.02.2017 | Комментарии (0)

«Не? Қайда? Қашан?» клубы аясында клуб мүшелерінің қатысуымен «Қазақстан туралы қызықты деректер» атты танымдық ойын өтті. Клуб мүшелері Қазақстан туралы қызықты деректер, Қазақстанның физикалық-географиялық жағдайынан мәліметтер алып, әсем табиғатына, қалаларына саяхат жасады. «Қазақстан таулары», «Қорықтар», «Қызықты деректер» атты бейне көрсетілімдерді тамашалады. Әр командаға Қазақстан географиясы бойынша викториналық сұрақтарға жауап берді.

Просмотров: 857 | Добавил: L@RA | Дата: 09.02.2017 | Комментарии (0)

Әлемдегі қызықтың бәрін, қоршаған ортаны, жаратылыс сырларын табиғат ғажайыптарын, адам қолымен жасалған кереметтің бәрін кітаптан табуға болады. Кішкене ғана кітап –сандықшаға бәрі қалай сыйып кеткен деп те таңданамыз. Адамның ақылшы досына, сыйласына айналған бұл алтын қазынаны қазіргі таңда көпшілігі бағалай бермейді. Бірақ оның қорғаушы сақшылары яғни кітапханашылар кітапты насихаттаудан еш жалықпайды. Осыған орай, Орталық қалалық кітапханада «Ой-маржаны – кітап» атты жаңа кітаптар бойынша библио фреш өткізілді. Шараға №4 дарынды балаларға арналған  «Болашақ» мектеп-интернатының жасөспірімдері қатысты.

Просмотров: 941 | Добавил: L@RA | Дата: 09.02.2017 | Комментарии (0)

Орталық қалалық кітапханада тау-кен техникалық колледжі «Іс қағаздарын жүргізу» бөлімінің 2 курс студенттері қонақта болып, сирек және құнды кітаптар залымен танысты. Онда қойылған құнды әдебиеттер «Қазақтың 1000 күйі», көне кітаптар, Д.Қонаевтың 100 жылдығына арналған «Дінмұхамед Қонаев» кітабы, кішкентай және үлкен форматтағы көне кітаптарды тамашалады. 

Просмотров: 644 | Добавил: natmay | Дата: 03.02.2017 | Комментарии (0)

Просмотров: 748 | Добавил: L@RA | Дата: 01.02.2017 | Комментарии (0)

31 января в центральной городской библиотеке прошло заседание интеллектуального клуба «Что? Где? Когда?», посвященная 28-ой Зимней Универсиаде 2017 в Алматы.

Просмотров: 667 | Добавил: natmay | Дата: 31.01.2017 | Комментарии (0)

«Не? Қайда? Қашан?» клубы аясында клуб мүшелерінің қатысуымен «Әлем ғажайыптары» атты викторина-іздеу өтті.

Просмотров: 760 | Добавил: L@RA | Дата: 27.01.2017 | Комментарии (0)

«Алтын қалам» клубы аясында Көкшетау облысының тумасы Жұмағали Саинның 105 жылдық мерей тойына орай  «Жауынгер ақын – Жұмағали» атты поэтикалық батл клуб мүшелерінің  қатысуымен өткізілді. Шара  барысында қатысушылар ақынның табиғат туралы, әскери патриоттық тақырыптағы өлеңдерін оқыды. Презентация арқылы өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Жүргізуші әр қатысушыға ақын өлеңдерінен үзінді берді, белгілі бір уақыттың ішінде балалар өз ақындық қабілеттерін көрсетіп, өлеңді аяқтады. Жауынгерлік әндер орындалып, күй шертілді. Қатысушылар ақынның өмірі мен шығармашылығынан бір-біріне викториналық сұрақтар қойып, жауабын біргелікте талқылады. Шара қызықты да тартымды өтті.

Просмотров: 783 | Добавил: L@RA | Дата: 27.01.2017 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 16 17 18 19 20 ... 45 46 »