Четверг, 09.05.2024, 06:43
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Февраль 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Февраль » 9 » Ой – маржаны - кітап
12:20
Ой – маржаны - кітап

Әлемдегі қызықтың бәрін, қоршаған ортаны, жаратылыс сырларын табиғат ғажайыптарын, адам қолымен жасалған кереметтің бәрін кітаптан табуға болады. Кішкене ғана кітап –сандықшаға бәрі қалай сыйып кеткен деп те таңданамыз. Адамның ақылшы досына, сыйласына айналған бұл алтын қазынаны  қазіргі таңда көпшілігі бағалай бермейді. Бірақ оның қорғаушы сақшылары яғни кітапханашылар  кітапты насихаттаудан еш жалықпайды. Осыған орай, Орталық қалалық кітапханада «Ой-маржаны – кітап» атты жаңа кітаптар бойынша библио фреш өткізілді. Шараға №4 дарынды балаларға арналған  «Болашақ»  мектеп-интернатының жасөспірімдері қатысты. Элетронды кітап көрмесі арқылы қатысушыларға  Ж. Жабаевтың, Т. Молдағалиевтің, Ф. Оңғарсынованың, Байбақұлы Оразбай, Көкеев Еркін, Эра Орманова, Жүніс Әбдісаттар, т.б. ақындардың кітаптары таныстырылды. Оқушылар әр кітапты қолдарына алып, өздеріне ұнаған тақырыптары бойынша үзінді оқыды. Әріқарай  «кітап, білім» туралы викториналық сұрақтарға жауап беріп, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер де айтты.

Просмотров: 945 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]