12:49 Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 155 жыл | |
Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлының 155 жылдығына арналған іс-шара Орталық қалалық кітапханада сәуірдің 19 күні №5 КМЛ 6 «а» сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Іс-шараның мақсаты, кітапханадағы ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітап, журнал, газеттермен таныстыру, өткен өмірінен мәлімет беру, жастарды кітап оқуға үндеу Шара барысында Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі жайлы презентация
көрсетіліп, әндерінен тыңдатып, өмір жолы, өнер мұраты, даналығы,
дүниетанымдылығы туралы, арнайы қойылған кітап көрмесінен де мол мәлімет
берілді. Шараның соңына қарай балалармен қызықты ойын ойнатылды. Шәкәрім жайлы айтар болсақ, артына мол мұра қалдырған ол 1858 жылдың 24 шілдесінде бұрынғы Семей облысының Абай ауданында туып, 1931 жылдың 21 қыркүйегінде сол мекенде қайтыс болды. Ол асқан ақындығына қоса, жазушы, аудармашы әрі композитор. Шәкәрім - ұлы Абайдың немере інісі. Ақындыққа баулып тәрбиелеген ұлы Абай оның әйгілі ақын болып қалыптасуына елеулі үлес қосады. Бес жасынан оқып, аз ғана жылда сауатын ашқан зейінді де зерек жас көне түрік, араб, парсы тілдерін игеріп, көп ұзатпай орыс тілін де еркін меңгереді. Ақын
өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты көлемді жырында ірі-ірі үш дәуірге бөліп
қарастырып, алғашқысы, Құнанбай қажы мен анасының тәрбиесінде өткен жиырма жыл
десе, екіншісі, болыстықпен зая кеткен жиырма жыл, ал соңғы отыз екі жыл Абай
айналасында өткен іздену, өсіп жетілу мерзімі еді деп көрсетеді. Сөйтіп, ақын
алғашқы қырық жылдық өмірін нәтижесіз, зая кеткен десе, соңғы жылдарды ғана
жемісті кезең деп санайды. Абай қайтыс болған соң, ақын аға
өсиетімен 1905-1906 жылдары қажылық сапармен Араб, Түрік, Еуропа елдерін аралайды.
Әлем кітапханаларында білім қазыналарымен танысады. Дін мен философия, ғылым
салаларын игереді. 1908 жылдан бастап елден шет
кетіп, таза шығармашылық жұмыспен шұғылданады. "Түрік, қырғыз, қазақ һәм
хандар шежіресі", "Мұсылмандық шарты" кітабы 1911 жылы
Орынборда, "Қазақ айнасы" өлеңдер жинағы,
"Қалқаман-Мамыр", "Еңлік-Кебек" поэмалары 1912
жылы Семейде басылып шығады. Орыстың ұлы
жазушысы Л.Н.Толстоймен хат алысып, өзін оның шәкірті санаған. Ш.Құдайбердіұлының әдеби мұрасы аса бай. Ол поэзия, проза, аударма, тарих,
трактат саласында жұмыс істеп, Абай дәстүрінде демократтық-халықтық,
гуманистік-халықтық бағыт ұстады.
Шәкәрім өмірінің соңғы жылдары заман қыспағы мен әртүрлі қудалау-түрткіні көп
көріп, өзінің алдағы болашағына да күдікпен қарауға мәжбүр болды. Сол себепті
ол өзін азан айтып қойған есімінде өзгертіп «Мұтылған» деп ат қойған. Алайда
ақын алдағы Әділдік пен Шындықтың, Ақыл мен Ардың жеңісіне зор сенім білдіріп,
кейінгі келер жаңа буынға: Арапбаева Индира Шералықызы Қоғаммен байланыс әдіскері | |
Просмотров: 3181 | Добавил: manap |
Всего комментариев: 0 | |