14:50 «Ой – маржаны - кітап» | |
Орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ой – маржаны - кітап» атты «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклоры топтамасы және жаңадан келіп түскен кітаптар бойынша библиофреш өткізілді. Шараға №5 КМЛ оқушылары қатысты. Шара барысында кітапханашы ең әуелі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шыққан 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклоры топтамасымен таныстырып өтті. Қатысушылар жинаққа енген мақал-мәтелдер, ертегілерден, аңыздардан үзінді оқып талқылады. Сондай-ақ, жаңа әдебиеттермен танысты. Кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің қоры бірнеше автордың әдебиеттерімен толықты. Кітап әр оқырман үшін бағалы құндылық. | |
Просмотров: 893 | Добавил: L@RA |
Всего комментариев: 0 | |