Ақын өлеңдерінің қазақ халқының рухани дамуында алар орны зор екендігін, Жастардың талдай, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, рухани танымдарын кеңейту, ерлікке, батырлыққа, табандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген шараға Тау-кен техникалық колледжінің 1курс студенттері қатысты. Шара Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасына 35 жыл толуына арналды. Өнерлі студенттер қазақтың дарабоз ақыны өр дауысты ғажап ақын Қасым Аманжоловтың бір топ өлеңдерін оқыды. Студенттер Қ.Аманжолов қазақ тіліне аударған «Ах, Самара-городок» атты орыстың халық әнін, «Жасдәурен» әнін шырқады. Қасым-өзінің өртке тиген өлеңдерімен ізгілікке тәнті болып, бүкіл қазақ халқының асқақ рухын аспанға көтерген ақын. Балалар кітапты қолдарына алып, 220 жолдан тұратын «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасын кезек-кезек оқып, талдап, өз ойларын айтты. «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Қасым Аманжолов, Абдолла Жұмағалиев туралы бейне көрсетілімдер де ұсынылды. Толастаған ақпараттар заманында интернет желісі арқылы ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттайтын сайттар легімен таныстырылып, виртуалды көрме ұсынылды. Ән мен жырға толы ақын Қасым Аманжоловқа арналған әдеби кеш әсерлілігімен ерекшеленді.