Қазақстан халқы тілдерінің күні Қазақстандағы барлық этностарды жақындастыратын ерекше күн. Өйткені бұл күндері барлық өңірлердегі этномәдени бірлестіктер ана тіліне арналған әдеби кештер, концерттер ұйымдастырады. Бір шаңырақ астында бас қосып, мәдениеттер үндестігіне ат салысады. Соңғы жылдардағы достастық елдеріндегі ұлттардың сана-сезімінің күрт өсуі және тілге деген қажеттіліктің артуы оның рухани байлығын жете меңгерудің қажеттілігін туындатып отыр.