09:55 «Теңге – тәуелсіздік нышаны» | |
Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мерекесінің бірі екені сөзсіз. Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Осыған орай орталық қалалық кітапханада 15 қараша банк қызметкерлерімен кездесу кешін ұйымдастырылды. Шараға тау-кен техникалық колледжінің студенттері мен кеш қонақтары «Цесна банктың»несие бөлімінің маманы Нургожина Алина мен «Центр кредит» банктің несие бөлімінің маманы Халхабай Нұрбек қатысты. Кеш барысында кітапханашы видео презентация арқылы «Теңге» тарихымен және арнайы қойылған «Теңге – мемлекет кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Кеш қонақтары мамандықтары мен банк қызметі жайлы толық мәлімет берді. Ел болашағы жас студенттерге өз кеңестерін беріп, студенттер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, кеңінен сұхбат жүргізілді. Шара соңында кітапхана басшысы шараға қатысушыларға жылы лебізін білдіріп, кеш қонақтарына алғыс хат пен естелік кітабын сыйға тартты. | |
Просмотров: 1107 | Добавил: natmay |
Всего комментариев: 0 | |