14:00 Мәңгілік ел мекені | |
|
Зияткерлік ойын арқылы оқушыларды адамгершілікке Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, оларға патриоттық тәрбие беру, Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой- өрісін дамыту, елін, жерін қорғауға бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу мақсатында «Мәңгілік ел мекені» атты «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік клубының финалдық ойыны өткізілді. Ойынға жартылай финалдан жолдама алған №9 орта мектеп, №5 КМЛ оқушыларынан, тау-кен техникалық колледжі, құрылыс техникалық колледжі, «Болашақ» мектеп-интернатының оқушыларынан құралған командалар өзара сайысқа түсті. Қатысушылар бар білімдерін ортаға салды. | |
| Просмотров: 819 | Добавил: L@RA | |
| Всего комментариев: 0 | |


