Жер бетінде адамзат баласы пайда болғаннан бері қаншама соғысты басынан өткізгенін санап айту мүмкін емес. Біздің заманымызға дейінгі уақытты айтпағанда қазіргі кездің өзінде қаншама қанды қырғындар, алапат соғыстар болып жатыр. Тарихқа көз жүгіртсек, осы сансыз соғыстардың ішіндегі ең жойқыны және ең көп адам шығынын алып келгені – Екінші дүниежүзілік соғыс екендігі белгілі. 1939 жылдың 1 қыркүйегінде басталған қанды қырғын 1945 жылға дейін созылды. Соңғы деректерге сүйенсек, оның салдарынан 64 миллионға жуық адам қайтыс болған.
Соғысқа жетпіс екі ел қатысты. Қаншама қазақ баласы майданда ерлікпен қаза тауып, артындағы елі үшін, жері үшін жанын пида етті. Алғашқысы – мерген, екіншісі – пулеметші, үшіншісі – ұшқыш. Ерліктері сол соғыстың кезінде-ақ мойындалып, есімдері кеңге танылған. Хиуаз апамыз елге аман қайтып, күні кешеге дейін арамызда болды. Ал, өкінішке қарай, Әлия мен Мәншүк шайқас кезінде қаза тапты. Биыл осы қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметованың туылғанына тура 95 жыл.