11:50 «Ер өлмек емес ешқашан» | |
Ұлы Отан соғысы жылдарында журналистік бағыттағы публицистік мұралары, өмірі мен шығармашылығы қалың көпке таныс тұлға – жауынгер-жазушы Баубек Бұлқышевтың 100 жылдық мерей тойына орай портрет кеші ұйымдастырылды. Шараға №4 дарынды балаларға арналған «Болашақ» мектебінің жоғарғы сынып оқушылары қатысты. Шара барысында жүргізуші Баубек Бұлқышевтың өмір жолына тоқталып, видео презентация көрсетілді. Балалар жазушының өмірдің нұры мен сыры, адам еңбегі мен ерік-жігері, жастық пен достық дастандары, ізгілік иірімдері – «Жаңа дүние», «Жауынгер», «Құтты қонақ», «Жолаушы сыры», «Досыма», «Балтық жағасында», «Еврей қызы», т.т. өлең-жырлардың басты арқауын, көркемдік мұраттарын құрайтын өлеңдерін оқыды. Біртуар болмыс пен қайталанбас қайсар мінездің иесі болған Баубек ағамыз бүкіл саналы ғұмырында елжанды жауынгер-жазушы, адал азамат болып өтті. Қазақ жастарының жүрегіне отансүйгіштік сезімін ұялатып, өскелең ұрпаққа үндеу тастап, туған жер үшін жанын шүберекке түйіп, өмірден күдер үзбеген батыр Баубек ұлттық рухтың 20 ғасырдағы көрінісі болды. Ол жалаң батыр ғана емес, қолына қару мен қаламын қатар ұстаған бұрынғының жырау-батырлары сияқты ұлттың намысын қаймықпай қорғады. Оның «Шығыс ұлына хат» үндеуі «ұлттың үніне» айналды. | |
Просмотров: 743 | Добавил: natmay |
Всего комментариев: 0 | |