Орталық қалалық кітапханада «Бала тілі – бал» атты балаларға арналған танымдық бағдарлама жалғасын табуда. Бағдарлама балалардың сөздік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуге үйретуде маңызы зор. Сұрақ-жауап арқылы бала өз ойын жасырмай, шынайы, пәк сезіммен жауап береді. Бұл бағдарламаға қатысқан Хабахай Арман Берікұлы ерекше сезімде болып, өз ойларын жеткізе білді. Бала болашағы-бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халқының, тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғастыратын алтын көпірі, асыл мұраты іспеттес. "Бала тілі - бал" дегендей тәтті сөздерімен, қылықтарымен өздеріне баурап алатын жас бүлдіршіндеріміз көбейе берсін.