Бүгінгі орталық қалалық кітапханада өткізілген «Ұлы ерлікке тағзым мен құрмет!» атты мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне арналды. Жастарды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық тәрбие беру мақсатында өткен кешке тау-кен колледж студенттері қатысты.