Орталық қалалық кітапханада өткен «Бала тілі – бал» бағдарламасының кезекті қонағы - Мушелтай Инаят Серболқызы.
Бау – бақшаны баптап, күтіп, мезгілімен суарсаң ғана жеміске кенелесің. Бүгінгі ойын-сауығымыздың ерекшелігі:бала бойына адамгершілік қасиет пен білім нәрін, тәрбие негізін бірлесе отырып сіңірсек қана сол бір мол жеміске жетеміз. Қазақта «Жұлдызың – жоғары болсын» деген бата – тілек бар. Ендеше, ұрпағымыздың шоқ жұлдыздай жарқырап көріне беруіне тілек білдірейік!