Қазақстан тарихындағы тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуының бастамасы болған желтоқсандағы жастар шеруінің мәнін ашып түсіндіру,тарихына шолу жасау мақсатында орталық қалалық кітапханада Тәуелсіздік күніне орай «Қазақстан: 25 жылдан кейін» атты тарихи шежіре кеші өтті. Шараға №4 дарынды балаларға арналған «Болашақ» мектебінің оқушылары қатысты. Міне биыл тәуелсіздігіміздің таңының арайлап атқанына 26 жыл!...
Нашақорлық - бұл адам баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселесі айқын халықаралық сипатқа ие және бұл мәселенің шешілуі біздің мемлекетіміз үшін де маңызды. Болашақ жастарымыз үшін де маңызды. Осы орайда орталық қалалық кітапханада «Нашақорлық қоғамдық дерт» атты талқылау кеші өткізілді. Шараға №9 ОМ оқушылары қатысты. Кітапханашы оқушыларға зиянды әдеттер мен заттар туралы мәлімет беріп, презентация арқылы түсіндіріп өтті. Оқушылар кітапханашы қойған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын ортаға салды. Шара соңында барлық оқушылар «Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік. Сондықтан, бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде «салауатты өмір салтының» сақталуы үшін бір кісідей ат салысайық» деп, пікірлерін айтты.