Орталық қалалық кітапханада Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған «Жыр мұхитының жиһангері» атты әдеби караоке өткізілді. Шараға «Мақсат» колледжінің студенттері қатысты. Қатысушылар С. Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығынан мәлімет алып, «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңіне әдеби талдау жасады. С. Торайғыров ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық саяси және тарихи - әлеуметтік оқиғаларға және қазақ жерінің өзгерістерге өзінің азаматтық ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының қатарына жатады.