Воскресенье, 28.04.2024, 23:57
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Апрель 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Главная » Архив материалов

Орталық қалалық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша «Рухани жаңғыру – табысты ел болуымыздың кепілі» атты қалалық депутаттармен кездесу кеші өткізілді.  Кеш қонақтары - «Степногорск энергокомплекс» ЖШС директорының орынбасары – Ператинский Вячеслав Валерьевич, Степногорск қалалық филиалы "Нұр Отан" партиясының төрағасының бірінші орынбасары Омарова Шолпан Жұмабекқызы, ҚР БҒМ ҒК «Ұлттық биотехнология орталығы» ШЖҚ РМК  Степногорск қ. филиал директоры Дархан Серікұлы Балпанов. Сондай-ақ, №5 КМЛ 8-сынып оқушылары, Тау-кен техникалық колледжі және №2 ҚТК студенттері мен мұғалімдері қатысты.

Просмотров: 1070 | Добавил: natmay | Дата: 21.11.2017 | Комментарии (0)

Предлагаем немного развлечься и поиграть. Не просто, а с пользой! Сложите пазл и прочтите бессмертные строки казахского поэта Султанмахмута Торайгырова. В 2017 году его творчество выбрано в акции "Одна страна - одна книга" для чтения всей страной.

 

Просмотров: 888 | Добавил: L@RA | Дата: 19.11.2017 | Комментарии (0)

В рамках программы «Рухани жаңғыру» в информационно-библиографическом отделе был проведен краеведческий диалог «Земли моей обычаи и нравы» с целью формирования и развития интереса у молодежи  к традициям и обрядам казахского народа. Диалог проходил между учащимися СТК-2, где они высказывали свои мнения по обычаям и традициям  народа. Также к вниманию студентов был представлен видео-ролик, обзор литературы у книжной выставки «Туған елімнің бастамасы».

Просмотров: 741 | Добавил: L@RA | Дата: 18.11.2017 | Комментарии (0)

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ақсу кенті кітапханасында «Тәуелсіздіктің тұңғыш нұры – тұңғыш Елбасы!» атты портрет кеші өткізілді.

Просмотров: 933 | Добавил: natmay | Дата: 17.11.2017 | Комментарии (0)

Ұлттық валютаның болуы ұлт тәуелсіздігінің негізгі көр¬сет¬кіш¬терінің бірі. Ендеше, теңге күні тәуелсіз еліміздің елеулі мере¬кесінің бірі екені сөзсіз. Ел Президентінің Жарлығымен 1997 жылдан бері 15 қараша төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып белгіленді. Осыған орай орталық қалалық кітапханада Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 15 қараша банк қызметкерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға тау-кен техникалық колледжінің студенттері, №9 ОМ 11 «А» сынып оқушылары мен Казком банк қызметкерлері қатысты.

Кеш барысында кітапханашы видео презентация арқылы «Теңге» тарихымен және арнайы қойылған «Теңге – мемлекет кепілі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.

Кеш қонақтары мамандықтары мен банк қызметі жайлы толық мәлімет берді. Ел болашағы жастарға өз кеңестерін беріп, студенттер мен оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, кеңінен сұхбат жүргізілді.

Просмотров: 712 | Добавил: L@RA | Дата: 15.11.2017 | Комментарии (0)

Н.Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында бастамасы «Қазақстан-2050» стратегиясында орын алған латын әліпбиіне көшу жөнінде айтып өткен. Ол құжатта Елбасымыз 2025 жылға латын графикасына көшіруді қолға алу қажеттігін айқындаған. Бүгінгі таңда осы бағытта үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Орталық қалалық кітапханада «Латын әліпбиі» атты шара өткізілді. Шара мақсаты қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшу үрдісін, оның мемлекеттік тілдің мәртебесінің жоғарылауы және Қазақстанның басым бөлігі латын әліпбиін қолданатын әлемдік қауымдастықпен жақындасудағы рөлін талқылау және жастарға ақпарат беру болды. Шара барысында кітапханашы жастарға латын әліпбиі туралы мәлімет беріп, тарихқа да шолу жасады.

Просмотров: 684 | Добавил: L@RA | Дата: 11.11.2017 | Комментарии (0)

Елбасымыздың жолдауында атап өткеніндей "адам елдің басты байлығы", осы адамдардың денсаулығының жақсы, жаман болуына өздерінің іс-әрекеттерінің әсері мол. Еліміздің болашағы жастардың қолында. Сондықтанда әр жас ұрпақ өз денсаулығын ойлауы керек! Жастардың зиянды заттар туралы білімдерін тереңдету, салауатты өмір салтына және имандылыққа тәрбиелеу, маскүнемдіктің, нашақорлықтың зардаптарын айту мақсатында орталық қалалық кітапханада «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» атты сұхбат-ойын өткізілді. Шара барысында қатысушылар адам денсаулығына пайдалы және зиян заттар туралы айтты. Төрт топқа бөлініп, әр кезең бойынша берілген тапсырмаларды орындады. Шара тартымды да, қызықты өтті.

Просмотров: 721 | Добавил: L@RA | Дата: 11.11.2017 | Комментарии (0)

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері, көркем сөздің хас шебері Ғабиден Мұстафин биыл 115 жасқа толады. Ғ.Мұстафиннің асыл мұрасын балаларға таныту — біздің міндетіміз. Осыған орай, орталық қалалық кітапханада «Дәуір шындығымен үн қатқан озат» атты портрет кеші өткізілді. Шараға қатысқан №4 «Болашақ» мектеп-интернатының оқушылары жазушы Ғабиден Мұстафиннің өмірі және шығармаларымен танысты. «Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш - қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам» - деп, Ғ.Мұстафин айтқандай, оқушылар «Қарағанды», «Миллионер», «Шығанақ» романдарының кейіпкерлеріне талдау жасап, жаңа заманның адамдарымен салыстырып, өз ойларын ортаға салды.

Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20 - 40 жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел - жұртының арман - тілегі, мүдде - мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш - қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой - арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді күрескер биігінен таймау Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.

Просмотров: 658 | Добавил: L@RA | Дата: 10.11.2017 | Комментарии (0)

Просмотров: 624 | Добавил: L@RA | Дата: 10.11.2017 | Комментарии (0)

Ақсу к. кітапханасында «Латын әліпбиіне өту заман талабы!» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараға Ақсу кенті мәдениет үйі қызметкерлері қатысты. Кітапханашы латын әліпбиіне 2025 жылдан бастап көшу туралы, 2017 жылы 26 қазанда ҚР Елбасы қол қойған жарлығымен таныстырды.  Латын әліпбиі негізінде жасалған 32 әріптен тұратын қазақ алфавитімен таныстырылды. Рухани жаңғыру туралы түсінік  берілді. 

Просмотров: 651 | Добавил: natmay | Дата: 09.11.2017 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 7 8 9 10 11 ... 45 46 »