Суббота, 20.04.2024, 19:40
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Логин:
Пароль:
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2017  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2017 » Ноябрь » 10 » Дәуір шындығымен үн қатқан озат
18:17
Дәуір шындығымен үн қатқан озат

Қазақ әдебиетінің классик жазушысы, көрнекті қоғам қайраткері, көркем сөздің хас шебері Ғабиден Мұстафин биыл 115 жасқа толады. Ғ.Мұстафиннің асыл мұрасын балаларға таныту — біздің міндетіміз. Осыған орай, орталық қалалық кітапханада «Дәуір шындығымен үн қатқан озат» атты портрет кеші өткізілді. Шараға қатысқан №4 «Болашақ» мектеп-интернатының оқушылары жазушы Ғабиден Мұстафиннің өмірі және шығармаларымен танысты. «Мен әрдайым бүгінгіні, шамам келгенше – ертеңгіні жаздым. Жазушы, алдымен, өз дәуірінің жаршысы. Мен өз бойымдағы бүкіл дарыным мен күш - қуатымды… халық мүддесіне қалтқысыз, алаңсыз бағыштаған жазушымын. Менің творчествомның өзегі, арқауы, негізі жаңа заман, жаңа адам» - деп, Ғ.Мұстафин айтқандай, оқушылар «Қарағанды», «Миллионер», «Шығанақ» романдарының кейіпкерлеріне талдау жасап, жаңа заманның адамдарымен салыстырып, өз ойларын ортаға салды.

Ғабиден Мұстафин мұрасы - 20 - 40 жылдардағы Қазақстанның көркемдік шежіресі. Жазушы шығармаларынан ескен шындық - дән салмағынан басын көтере алмай, маужырай тербелген қалың бидай мен гүрсілдеген шыңырау шахтаны аралатып, туған өлкеге көз жібертеді – еңбекке толы уақытты, қарапайым еңбек адамын көресіз. Ғабиден Мұстафин жағымды кейіпкерлердің тұтас бір тізбегін жасады. Олар жарқын болашақ үшін батыл күресіп, ел - жұртының арман - тілегі, мүдде - мақсатының орындалуына аянбай ат салысты – азаматтық тұғырдан түспеді. Өз заманымен тығыз байланысып, күш - қуатын уақыт алдындағы борышты өтеуге арнау, өз замандасына аянбай қызмет ету, еңбек адамының ой - арманын, баянды ісін мадақтай жырлау, белсенді күрескер биігінен таймау Ғабиден Мұстафиннің рухани келбеті.

Просмотров: 657 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]