Жұмағалиев, Мұхамедия.
Бақыты үшін басқаның [Мәтін]: өлендер, балладалар / М. Жұмағалиев. - Ақмола: ИИЦ Азия Арна, 2017. – 285, [1] б.
Бұл кітапқа белгілі ақын Мұхамедия Жұмағалиевтің әр жылдары және соңғы кезде жазған өлең, балладаларының ең таңдаулылары енді. Туып өскен жері – Көкшетау, оның қайталанбас ғажайып табиғаты, ағаын-туған, дос-жаранға деген ыстық ықылас, заман, уақыт туралы толғаныс – ақын өлендерінің негізгі тақырыбы.
М. Жұмағалиев жырлары сыршыл да шынайы, тосын да тұшымды ой-түйінімен жанға жақын, жүрекке жылы.
Сарбалаұла, Бақыт.
Бесік жыры – басты жыр [Мәтін] / Б. Сарбалаұла. - Алматы: Айғаным, 2017. – 378, [1] б.
Сыншының бұл кітабы қазіргі қазақ әдебиетінің көкейкесті маңызды мәселелерін қозғайды. Әдебиеттегі сүреңсіздікке, теңгермешілікке қарсы күрес аша отырып, жас, орта буын өкілдерімен қатар беделді қаламгерлерімізбен де батыл полемикаға барады. Соңғы кезде жазылған прозалық,поэзиялық, сондай-ақ сыни еңбектерді бүгінгі кезеңнің рухына сәйкес әрі жан-жақты таразылайды.
Әбдіразақов, Бекен.
Шығармалары [Мәтін] : 5 томдық. 1-том. / Б. Әбдіразақов. - Алматы: Хантәңірі, 2017. – 375, [4] б.
Қазақтың белгілі ақыны Бекен Әбдіразақовтың бұл жинағына автордың кезінде қалың оқырмаң қауым мен әдебиет сыншылары жылы қабылдаған «Тұңғыш кітап», «Махаббат мекені», «Ғашық жан», «Өмір мен көніл» атты кітаптарындағы өлең-жырлары, балладалары, толғау-дастандары, поэмалары еніп отыр.
Ақынның сыршыл да нәзік туындыларының өн бойынан өмірге деген кұштарлық сүйіспеншіліқ туған жерге. Отанға деген ыстық махаббаты айқын анғарылады.
Ахметов, Темирбулат Таирович.
Родник у озера [Текст]: роман, детективные истории / Т. Т. Ахметов. - Алматы: Раритет, 2017. - 396, [1] с.
В сборник «Родник у озера», являющийся третьей книгой из цикла «Детективное агентство «Барс»», вошли роман с одноименным названием, повесть «Багдадский гамбит» и остросюжетные новеллы. В романе отражена вся наша эпоха, начиная с послевоенных лет и по настоящее время, ибо это вся жизнь главных героев Темирбулата Ахметова: бывших сотрудников специальных служб Дастана Темирова и Владимира Татаринцева, начиная с далекого их детства и до момента принятия решения о создании своего детективного агенства. Произведения читаются легко, захватывают внимание с первых строк; лирика, мелодрама мастерски переплетаются с остросюжетными историями, автор не скрывает своих твердых интернациональных убеждений.
Иса, Ибрагим.
Сағым дүние [Мәтін]: тандамалы / И. Иса. - Ақмола: Мер-Рress, 2017. – 287 б.
Белгілі ақын Ибрагим Исаның «Сағым дүние» атты жинағына терең ойға, нәзік сезім иірімдеріне толы бір топ өлең-жырлары еніп отыр.
Ақын дәуір тынысын дөп басып, замандастарының арман-мақсаттарың күйініш-сүйініштерін өз туындыларына өзек ете отырып, биік мұраттарға, асқақ адамгершілікке, адалдыққа шақырады. Ол сонымен бірге халық арасына кеңінен таралған көптеген әндердің мәтіндерін жазған автор ретінде де белгілі.
Жүністегі, Кәмел.
Көгілдір күмбез [Мәтін]: хикаяттар, әңгімелер, ой иірімдері / К. Жүністегі. - Ақмола: Мер-Рress, 2017. – 377, [2] б.
Белгілі қаламгер Кәмел Жүністегінің «Көгілдір күмбез» атты жинағына «Тағдырлы ауыл», «Қайрақты жайбарақат ағып жатқан», «Үміт көшігі» тәрізді хикаяттарымен қатар «Өмір сүруге хақысы», «Қазан астында», «Көжедегі кұрт», «Конвой» секілдіәңгімелері еніп отыр.