Четверг, 21.11.2024, 16:06
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0

Жаңа кітап 2017

 Есенқұлов, Жақыпбек. 

Өмір өтті... [Мәтін]: таңдамалы /Е. Жақытбек. – Ақмола: Хантәңірі, 2017. – 287 б.

Бұл жинаққа Жетісудан шыққан айтулы айтыс ақынны, жыр алыштары Сүйінбай мен Жамбылдың ізбасары, қазақ өнерінің көгінде аққан жұлдыздай жарқырап өте шыққан дара дарын иесі ақын Есенқұл Жақыпбектің өлең-жырлары еніп отыр.

 Даулетбаева, Әлия.

Жан дауыс [Мәтін] /Ә. Дәулетбаева. – Ақмола: Айғаным, 2017. – 188 б.

Жас ақын Әлия Дәулетбаеваның «Жан дауыс» кітабына жүрек жарды өлендерімен қатар «Орбұлақ» «Ай астында бір көл бар» дастандары енген.

 Ауэзов, Мурат Мухтарович.

Времен связующая нить [Текст] /М.М. Ауэзов. – Алматы: Жибек жолы, 2017. -754с.

Новая книга Мухтара Ауэзова включает научные монографии по сравнительному изучению национальных культур и проблемам культурной интеграции, эссе путевые очерки, дневники и интервью. Тематика и проблематика избраных трудов свидетельствует о широте научных интересов исследователя, политика, дипломата, общественного и государственного деятеля.

"Времен связующая нить" - это превосходная интеллектуальная проза очень высвокой пробы. Мурат Ауэзов не только мыслитель, философ-публицист, литературный критик и эстетик. Он еще и, безусловно писатель, художник, который всю жизнь писал в стол и все время стремился уйти от сотрудничества с режимом."          Виктор Бадиков

 Мұратбеков, Сайын.

Таңдамалы [Мәтін] / С. Мұратбеков. – Алматы: Айғаным, 2017. - 1115 б.: Фотосүрет. – (Әдебиет әлемі).

Белгілі жазушы Сайын Мұратбековтің бұл тандамалы шығармасына кезінде оқырманы жылы қабылдаған «Менің қарындасым», «Райгүл», «Бекеннің кұбылысы», «Каментоғай», «Күзгі бұралаң жол», «Басында үш қараның...», «Отау үй» секілді әңгімелері, «Жабайы алма» хикаяты еніп отыр. Бұл туындылардың қай-қайсысында да адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамшылық ұғымдары ортаға тартылады.

 Сейдімбек, Ақселеу.

Шығармалары [Мәтін] / А. Сейдімбек. – Алматы: Қаламгер, 2017. – 1115 б.

Көрнекті ғалым-жазушы, филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің "Сарыарқа кітапханасы" сериясымен жарық көріп отырған шығармалар жинағының бірінші томына повестері мен әңгімелері топтастырылды. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 Жайлаүов, Өкім.

Өлеңмен өткен өмірім [Мәтін] / Ө. Жайлаүов. - Ақмола: Хантәңірі, 2017. -341 б.

Бегілі ақын Өкім Жайлауовтың есімі жұртшылыққа жақсы таныс. Әр қаламгердің өзіндіқ шығармашылық өрнегі, шебершілік ерекшелігі болады десек, Ө. Жайлауов жырларын оқып отырып көп нәрсеге көз жеткізе аламыз. Оның ақындық алымына, қаламтерлік қарымына, өлеңдерінің қисындық түзіліміне еріксіз ден қоясыз.

 Ісімакова, Айгүл.

Алаш әдебиеттануы [Мәтін] / А. Ісімакова. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. – 477, [1] б. – (Қазақ энциклопедиясы 50 жыл).

Әдебиеттанушы Айгүл Мұхаммедсерікқызы Ісімақованың бұл еңбегі – ХХ ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арналған. Онда қазақтың асыл сөзін қастерлеген ата-баба мұралары қашаннан басталатындығы, Алаш әдебиеттану ұғымының қалай қалыптасқандығы жөнінде туындайтын сауалдарға жауап беріледі. Сонымен қатар кітапта Алаш ғалымдарының жалпы ғылымға қандай үлес қосқандығы, Алаш ғылыми мұрасының несімен құнды болатындығы жан-жақты талданады.
Монография жоғары және орта мектеп мұғалімдеріне, әдебиет саласындағы барлық мамандарға, ұлттық әдебиет пен тарихты сүйетін жалпы оқырман қауымға арналған.

 Қамзабеқұлы, Дихан.

Алаш арқауы [Мәтін] / Д. Қамзабекұлы. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2017. – 405, [1] б. – (Қазақ энциклопедиясы 50 жыл).

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филилогия ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Дихан Қамзабекұлының бұл жинағына елдік және мемлекетшілдік тарихымыздын айрықша кезені – Алашқа аркау болған кұбылыстар, тұлғалар, ұйымдар, жиындар, ізденістер, оқиғалар туралы әр жылдары баспасөз бетінде жариялаңған зерттеулері мен мақалалары еніп отыр.

Кітап ұлт руханиятына ынтызар жалпы қауымға арналған.

 Өтегенов, Айтуар.

Боз жусан иіс боз далам [Мәтін] / А. Өтегенов. - Алматы: Сардар, 2017. - 398 б.

Ақын А.Өтегенов шығармаларының тақырып аясы кең. Басты кредосы – өз оқырманының жүрегіне отансүйгіщтік сезімін егу. Еліміз әлі еркіндік алмаған сонау тоталитарлық кеңес заманында-ақ Атырау мен Маңғыстаудың шежіресі мен тарихына терен үніле білген ол балладаларымен өз оқырмандарын елең еткізген еді. Сонымен бірге тәуелсіздігіміздің Туын жоғары ұстай білуге де өзге жас қаламгерлерді жетеледі. Елбасымыздың саясатын кеңінен насихаттайтын публицистикалар мен көркем топтама өлендер жазды.

 Қалдыбай, Мамытбек.

«Мен – халқымның Бауыржанымын!» [Мәтін] / М. Қалдыбай. - Алматы: Келешек, 2017. – 455 б.

Белгілі жазуши Мамытбек Қалдыбайдың бұл жаңа кітабында даңқты қолбасшы, әскери ғылымның білгірі Бауыржан Моышұлының жайшылықтағы мінез-кұлқы, тапқырлығы мен шешендігі, ұлтжандылығы мен ойшылдығы, өскен орта ерекшелігі,елдік намысқа нұқсан келер жерде бет-жүзіңе қарамай айтатын турашылдығы бейнеленген. Жиырма бір жыл қоян-қолтық араласып, тәлімін көрген, әрқилы жағдайдағы айтқан әңгімелерін тындап, көніліне түйген автор Баукеңнің ішкі әлемінің жұртка беймалім сырын мүмкіндігінше көңінен аша түскен.

Кітапқа енген туындылар тың, тілі көркем, оқиғасы қою, талғампаз оқырман жан дүниесін баурап аларлықтай тәриелік, танымдық мәні терең.

 Жандыбаев, Ғұсман.

Шығармалары [Мәтін] : 1-том. Өлендер /  Ғ. Жандыбаев. - Ақмола: Қазақ энциклопедиясы, 2017. – 335 б. – (Қазақ энциклопедиясы 50 жыл).

Үш томдық шығармалар жинағының бірінші томына ақынның әр кезеңде жазған өлеңдері, сондай-ақ таңдаулы лирикалары енді. Жинақ көпшілік оқырманға арналған.

 Әріп, Ғалым.

Алматы ғазалдары   [Мәтін]  / Ғ.  Әріп. -   Алматы: Келешек, 2017. – 341 б.                                                                                                                                         

 Қаламгердің бұл кітабына әр жылдары жарық көрген туған жер, курстас достары, дәріс берген ұстаздары, жастық шағы өткен Алматы қаласы туралы өлендері енді.                                               

 Сәттібайұлы, Көсемәлі.

«Шамаң келесе, шындықты айт!..»    [Мәтін] / К. Сәттібайұлы. - Алматы :Қаламгер, 2017. – 386 б.                                                                                                                  

Белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлыктың негері Шерхан Мұртазаны өзіне ұстаз санамайтын ақын, жазушы, журналист кемде-кем. Солардың бірі – таланты жазушы, қаламы карымды журналист Көсемалі Сәттібайұлы. Ол қолдарыңыздағы кітабында қаламгер ағасының шындық деп шырылдаған қайраткер келбетін шынайы шеберлікпен сомдап, оның қоғам мен әдебиеттегі алған асулары мен қол жеткізген биігін көркем тілмен қағазға түсіріпті.

Әдем әдебиетінің алыптарымен болған әңгімелерден, естеліктерден және эсселерден Шерағаңның бейнесін көріп, болмысын танисыз.

 Павленко, Тамара.

Шиповник цветет...  [Текст]: повести, очерки, рассказы. Т. 2 / Т.Павленко. – Алматы: Асыл сөз, 2017. – 421,  [1] с.                                                                                         Как говорит о себе автор: «О чём бы я ни писала – это всегда о любви…» О радостях, печалях и надеждах любви рассказывают две повести Тамары Павленко «шиповник цветет…», «Поздние яблоки» и три рассказа, помещенных в книгу. Десять очерков книги написаны в 1991-2008 годах, и это тоже своеобразные рассказы о путешествиях, о людях, о времени, в котором нам всем довелось жить.

Они написаны ярким, образным языком, выдают острую наблюдательность автора, умение сделать простой юытовой эпизод штрихом времени, читаются легко и с большим интересом. Они тоже рассказывают о любви – ко всему сущему на земле.

 Сәрсек, Жарас.

Жан – арымның жарығы  [Мәтін] / Ж. Сәрсек. -  Алматы: Айғаным, 2017. – 341 б.                                                                                                                                          

Ақын Жарас Сәрсектің «Жан – арымның жарығы» атты жинағына әр жылдары жарық көрген өлеңдері, сұхбаттары еніп отыр. Сыршыл қаламгер қай шығырмасында да оқырманымен ащық сырласа отырып, жан-дүниесің тербеткен ой-толғамдарымен бөліседі.

 Тұғалар тұғыры [Мәтін] / құрастырушы Б. Байтеле. - Алматы: Мер-Рress, 2017. – 284 б.

Кітапқа әйгілі Қордай асуының күңгей-теріскейінде өніп-өсіп жатқан ұрпақтардың ұраны болған, Жетісу мен Шу бойындағы Алашқа даңкы жайылған тарихи төрт тұлға жайлы атақты жыраулар, белгілі қаламгерлер мен әдебиетшіғалымдар әр кезенде айтқан дастандары мен зерттеу мақалалары топтастырылған. Тұлғатанымдык, сол арқылы ұрпақты елдік, ерлік Рухта тәрбиелеу мақсатымен ерекшеленетін бұл дүние көпшілікке арналған.

 Әкімкұлов, Еркінбай.                                                                                                                                                

Немере [Мәтін] /  Е.Әкімкұлов. - Алматы: Қаламгер, 2017. – 283 б.  

Жазушы Еркінбай Әкімқұловтың «Немере»  атты жинағына кезінде оқырман қауымының жылы ықыласына ие болған бір топ хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр.

  Яшкурова, Орис.

Жизнь без прикрас   [Текст]: сб. рассказов и повествований / О. Яшкурова; пер с каз. Г. Нурбеккызы, А.Ешанов. - Ақмола: Мер-Рress, 2017. – 340,  [1] с.                   

Член Союза писателей Орис Яшкурова является автором ряда книг, вышедших в рамках государственного заказа. Её поэтическое мастерство прозаика ярко раскрыты в ранее опубликованных её произведениях «Сексеуілдің шоғы» сборник стихов,  «Шенеунікше тактика» (сборник сатирических рассказов) получили высокую оценку соратников по перу и читателя.

В предлагаемом сборнике рассказов и повествований автором с особой колоритностью, демократичностью, глубоким содержанием и сочувствием, любовью к простому казахскому народу переданы будни нынешнего рыночного времени, убежденно-правдиво, реалистически показана жизнь людей из отдаленных аулов, а также городов страны.

Сборник переведен впервые на русский язык и предназначен для широкого круга читателей.  

 Қорабай, Серікқазы.

Нәрлі тамырлар [Мәтін] / С. Қорабай. -  Алматы:  Хантәңірі, 2017. – 340,  [1] б.                                                                                                                                 

Әдебиет зерттеуші Серікқазы Қорабайдың әдеби-танымдық зерттеулер жинағында қазақ әдебиетінің ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі тарихының түрлі кезендерінен терең сыр шерткен көкейтесті мәселелер мен бұрын жарияланбаған армян жазундағы Даңа Хиқар хикаясы, Кұмандар кітабы сияқты ортағасырлық кыпшак әдеби жәдігерлері туралы кеңінен сөз болады, Абайдың әдеби мектебі туралы да жаңаша пайымдалады.

Кітап ұлт мәдениетінің жанашарлары мен тарих, әдебиет мәсе лелерін зерттеуші мамандарға, бүкіл оқырман қауымға арналған.

 Томанов, Сәрік.

Соғады сен деп жүрегім [Мәтін]: өлендер, балладалар, поэмалар / С. Томанов. -  Алматы:  Хантәңірі, 2017. –  259 б.                                                                                      

Ақын Серік Томановтың бұл кітабына оның құйрықты жұлдыздай қысқа ғұмырында жазып үлгерген таңдамалы жауһар жырлары топтастырылған.

Ақын жыр сүйер қауымды өзімен бірге ойлантады, қуантады, мұңайтады, рухтандырып, шабыттандырады. Халқының көркем тілін, кестелі сөзін, тапқыр теңеулерін санаға құяды.

 

1   2   >>