Вторник, 03.12.2024, 23:12
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Март 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Главная » 2014 » Март » 26 » Журналдар әлемі
17:24
Журналдар әлемі

 «Жұлдыздар  отбасы  АҢЫЗ АДАМ» республикалық журналын жаңа жылдан бастап ала бастадық. Еліміз бен бүкіл адамзат әлемінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан біртуар тұлғалардың аласапыран тағдыры, заманалар көшінде алатын орны, өмірбаяны мен қызметі туралы жан-жақты сөз ететін ұлағатты журнал. Журналдың № 2 саны толығымен әнші, ақын, композитор Ақан сері Қорамсаұлына арналған. «Ақанның өмірі – ертегі өмір. Судай сұлу, желдей екпінді, жалпақ жұртқа жат, жұмбақ өмір»  деп  ақын Мағжан Жұмабаев айтқан екен. Осы журналдың беттерінен дарқан дарынды ақын, композитор, үздік әншінің өзгеге ұқсамаған өмірі, Құлагері, сүйген қыздары  мен өнері туралы көптеген қызықты  мәліметтер ала аласыздар. С. Жүнісовтің «Ақан сері» романы мен  Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері –Ақтоқты» пьесасынан үзінділер, ақынның әндері мен өлеңдері де берілген. Сондай–ақ махаббат гимніне айналған өлмес эпос «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастаны, қаранәсілді халыққа азаттық әперуші көсем Нельсон Мандела, Мысыр тарихынан ұлы Рамзес туралы  мазмұнды, тың деректер сіздерді қызықтырады деп ойлаймын.

 Әйелдер қауымын «Береке» журналы қызықтырары сөзсіз.  Журналдың қай саны болмасын ақыл –кеңеске бай. Бүгінгі қоғамдағы әйелдің орны өзгергені белгілі. Ол белсенді қызметкер, шаңырақтағы берекенің ұйытқысы, ең бастысы – ана. Осындай міндеттерді мойнына артып отырған әйел бәріне де үлгеруі шарт. Ал оған қол жеткізудің тәсілдері қандай екен? Осы журналдағы ұсынылып отырған мақалаларға зер салып, мұқият оқыңыздар. Журнал беттеріндегі «Сұлулық сыры», «Тәні саудың – жаны сау», «Үйдің көркі», «Ақ дастархан», «Жұлдыз жорамал» айдарларынан көптеген ақыл-кеңес ала аласыздар.    

 Қасиетті қазақ елінің Рухы халықтың салт-дәстүрінде, наным-сенімінде, әдеп-ғұрпында сақталған. Дәстүр жоқ жерде ғұрып, ғұрып жоқ жерде тәртіп, мақсат және мүдде болмайтынын өмір көрсетіп отыр. «Дәстүр» журналы ұлттық салт-дәстүрімізді сақтап және  оны ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруды көздеген  басылым. Журналдың №1 санынан қазақтың  ою-өрнегінің даму тарихы, қазақ әйелдерінің сәндік бұйымдары, қонақкәде жырлары, тарту-таралғылар туралы оқи аласыздар.    

«Тұмар»  журналының өмірге келгеніне биыл 6 жыл толды. Журналдың құрылтайшысы және бас редакторы болған  Фариза Оңғарсынованың осы журналды өмірге әкелгендегі мақсаты – жастар шығармашылығына қамқорлық көрсету болды. Республикалық әдеби-көркем «Тұмар» журналының № 1 саны журналдың ірге тасын қалаушы, қазақтың дарынды ақыны және қоғам қайраткері Фариза Оңғарсыноваға арналған. Журнал беттерінен ақын апамыздың өлеңдерімен, ой-толғамдарымен, жора-жолдастарының естеліктеріментаныса аласыздар. Халқымыздың аяулы да, ардақты ақын қызы Фариза Оңғарсынова дүниеден озғанымен, ақынның есімі ұмытылмайды, оның шығармалары әрдайым халқымызбен бірге жасай береді.

   Құрметті оқырмандар! Сіздер кітапханадан қазақ тілді «Пайдалы кеңестер» журналы мен «Түркістан» газетін, орыс тілінде «Домашний мир», «Добрые советы», ерлерге арналған «Автомобиль и сервис» журналын, ал жасөспірімдерге арналған «Ромео и Джулетта» журналдарын алып, оқи аласыздар.  Ал егерде сіздерді ақпаратты технологиялар қызықтырса, онда «CHIP» журналын оқыңыздар. Журнал дискімен жабдықталған. Әлеуметтік желілер, Интернет туралы мәліметтер және  жаңа технологиялар әлеміндегі жаңалықтармен таныса аласыздар. Сапалы фото түсіруде  ақыл-кеңестерді, үй кинотеатры мен теледидарды қалай дұрыс   таңдау, смартфонға өз қолыңмен ойынды қалай жасау керектігін және одан басқа да пайдалы кеңестерді дәл осы журнал беттерінен таба аласыздар.

     «Оқу білім қазығы», ендеше, оқырман қауым,  кітапханаға келіңіздер, оқыңыздар!

Алтын Ільясова,

қалалық кітапхананың  ақпаратты-библиографиялық бөлімнің жетекшісі

 

       

    

Просмотров: 2320 | Добавил: L@RA
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]