16:47 Өзге емес өзім айтам өз жайында! | |
Қазақтың дауылпаз ақыны Қасым Аманжоловтың 105 жылдығына арналған әдеби сазды кеш құрылыс-техникалық колледжінің 1-курс студенттерінің қатысуымен және Қасым жырларын қамти отырып ақындыққа баулу, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу, адамның жан дүниесіне поэзияның әсерін таныту мақсатында өтті. Кеш барысында жүргізуші ақынның өмірі мен шығармашылығын презентация арқылы таныстырып, кеш қонақтары «Дүниеге келер әлі талай Қасым» атты видео тамашалады. Студенттер ақынның «Қоштасу» өлеңі, «Қанқұйлы жау», «Сен фашиссің...», «Мен табиғат бөбегі», «Айша бибі», «Хантәңірі», «Бетпақдала», «Жаз көңіл» т.б. өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қасым - ақын ғана емес, аудармашы Қасым ретінде де бізге жақсы таныс. Ол Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Шевченконың өлеңдерін тәржімалаған. Сондай - ақ қатысушылар ақын аудармаларынан да үзінділер оқыды. «Жас дәурен», «Өзім туралы» әндері шырқалды. Арнайы қойылған кітап көрмесімен таныстырылды. Қатысушылар ақын кітаптарын қолдарына алып, махаббат, табиғат лирикасына жазылған өлеңдерін оқыды. | |
Просмотров: 734 | Добавил: L@RA |
Всего комментариев: 0 | |