12:15 «Қылқалам шебері» | |
Балалар кітапханасында қазақ халқының салт-дәстүрімен мәдениетіндегі бала тәрбиелеудегі оң тәжірибесін насихаттау, әр жастағы пайдаланушылардың бойында оқуға деген қызығушылықтарын арттыру әрі нығайту, жастарды қазақ халқының мәдени мұрасын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, еліміздің және қаламыздың тарихын танып білуге деген қызығушылықтарын ояту. Қол өнер арқылы балалардың шеберлігін, еңбекқорлығын, жан-жақты икемділік қабілеттерін дамытуды көздейтін «Алтын оймақ» клубы ұйымдастырылды. Осы клуб аясында Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына арналған «Қылқалам шебері» атты іс- шара №5 КМЛ 6-сынып оқушыларының қатысуымен, оқушыларға қазақтың саңлақ суретшісі Әбілхан Қастеев туралы білімдерін толықтырып, оның өмірі мен шығармашылығын таныстыру мақсатында өтті. Шара барысында кітапханашы презентация арқылы балаларға суретшінің өмірі, шығармашылығы, мұралары жайлы мәлімет беріп, оқушылар арасында сурет салу сайысын жүргізді. Бұл сайысқа 5 оқушы қатысып, өз шеберліктерін танытты. Ең үздік 3 оқушыға, 1 орынды Кушкумбаева Гүлназ, 2 орынды Жұмабай Ақнұр, 3 орынды Бейсембаева Жанел мақтау қағаздарымен марапатталды. Клуб мүшелері Ә. Тәжібаевтың «Художник Қастеев» атты арнау өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Әбілхан Қастеев – қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен - жері Алматы облысына қарасты Жаркент қаласының жанындағы Шежін ауылы. Топырақ бұйырған жері Алматы қаласы. 1929 жылдан 1931 жылдары Қастеев Николай Гаврилович Хлудовтың көркем студиясында оқыды (Хлудовтың Қазақстанда тұрған кезінде). Содан кейін білім алуын 1934 - 1937 жылдары Мәскеу қаласында Крупская атындағы көркем студиясында жалғастырды. Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген мыңнан астам көркем туындыларды дүниеге келтірген. Әбілхан қол өнеріне, одан соң суретшілік өнерге жастайынан бейім болған. Анасы Айғанша кілем, алаша, бау-басқұр тоқуға, сырмақ сыруға, шым ши жасауға шебер адам болыпты. Әбілхан осы халық өнеріне бала кезінен көз қанықтырып, анасына ою - өрнектер салуға көмектесіп, сурет өнеріне қолын үйретіп өседі. Әбілхан туған жердің әсем табиғатын, оның дидарындағы адам қолының жасампаз өзгерістерін зор шабытпен бедерлей алған суреткер. Оның «Биік таулы мұз айдын» (1954) , «Гүл ашқан алма» (1958), «Менің Отаным» (1959), «Жайлаудағы автодүкен» (1963), тағы сол сияқты полотнолары эпикалық қарымымен, шыншылдығымен назар аударады. Әбілхан Қастеев суретші ретінде өзіндік дара қолтаңбасымен ғана ерекшеленіп қоймайды, сонымен бірге, ол туған жері мен өскен елін перзенттік махаббатпен жырлай алған біртуар суреткер. Халық суретшісі Ә.Қастеевтің суреткерлік талантын жоғары бағалайды. Ол- шын мәнісінде халық суретшісі. Өмірге деген құштарлық, туған өлкесінің табиғатын жан-тәнімен сүю, оны шыншылдықпен бейнелеу Қастеев творчествосына тән қасиет. Гүлбану Арапбаева Балалар кітапханасының жасөспірімдер абонементінің кітапханашысы | |
Просмотров: 2566 | Добавил: manap |
Всего комментариев: 0 | |