11:56 «Соғыспен үндескен тағдырлар» | |
Балалар кітапханасында ақпаның 19 – шы жұлдызында «Соғыспен үндескен тағдырлар» атты кездесу кеші оқушыларға қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұмат беру. Ауған соғысының ардегерлерімен кездесу арқылы сол соғыс жайлы кеңінен мәлімет алу. Оқушыларды ерлікке, ұлт жандылыққа, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Бұл іс-шара ауған соғысының ардагері Борщик Николай Александрович және № 1 орта мектебінің 7-сынып оқушыларының қатысуымен өтті. Іс - шара барысында жүргізуші ауған соғысы жайлы мәліметтер мен слайд арқылы таныстырды. Екінші бөлімде жүргізуші келген қонаққа сұрақтар қойып сұхбат жүргізді, балаларда қызықтырған сұрақтарын қойып отырды. Балалар таппақтар айтып, салдаттардың хаттарын оқыды. Жүргізуші шара соңында оқушыларға «Соғыспен үндескен тағдырлар» атты кітап көрмесімен таныстырып өтті. Ауған соғысында қаза тапқандарды еске алып бір минут үнсіздік жарияланды 1979 жылы Ауғаныстан жерінде болған зұламат соғыста Кеңес әскерлері қайталанбас қаһармандық танытты. Мейлі өзге елде болсын, халықтың тыныштығын қалаған батырларымыздың басым бөлігі сол бір сұм жылдарда майдан даласында қаза тапса, тағы бірі із-түссіз жоғалып кетті. Биылғы жылы Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толып отыр. Ауған соғысының қанды қырғынынан аман –есен оралғанымен, жандары жаралы 18 мың 360 қазақстандық ардагер ортамызда жүр. Олардың дұшпан оғынан қаза тапқан майдандас достарын соңғы сапарға шығарып салып тұрып, көздері жасқа, жүректері мұңға толған шақтары көп. Сонда да ата-баба рухына дақ түсірмей елге абыроймен оралды. Майдан даласында жанқиярлық пен қаһармандығы үшін он мыңдаған Қазақстандық орден-медалдармен марапатталды. Ел үшін етігімен қан кешкен жауынгерлер қашанда құрметке лайық. Жырақта жүріп бейбітшілікті аңсаған соғыс ардагерлерінің ерлігі жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Ж.А. Аитбаева Балалар кітапханасының оқу залының кітапханашысы | |
Просмотров: 1110 | Добавил: manap |
Всего комментариев: 0 | |