12:17 Қош келдің, Әз Наурыз! | |
Наурыз сөзі – парсы тілінде «Жаңа күн» деген сөз. Яғни, бұл күн – ата–бабаларымыз, арғы тегіміз мындаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы. Бұл күні күн мен түн теңесіп, бұдан былай күн түннен ұзара береді. Ұлыстың ұлы күні балалар кітапханасында да аталып өтті. Қазақтың салт–дәстүрін жаңғырта отырып, ата-баба салтын сақтау, құрметтеуге тәрбиелеу, халқымыздың ұлттық мәдениетін дамыту, табиғатпен үндестікке үйрету мақсатында наурыздың 18-ші жұлдызында «Қош келдің, Әз Наурыз» атты мерекелі кеш аталып өтті. Кеш қонақтары мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата–аналары, тәрбиешілері болды. Кеш қазақтың салт–дәстүрі тұсау кесер рәсімін өткізуден басталды. Іс–шарада № 9 орта мектебінің 7, 11 сынып және № 5 көп салалы мектеп гимназиясының 5 сынып оқушылары өлең оқып, би билеп, ән айтып өнерлерін көрсетті. Шара барсында «асық ойыны», «арқан тартыс», «сақина салу» ұлттық ойындары ойнатылды. Шара соңында кітапхананың сыйлы қонағы Рабиға апамыз жасаған дәмді бауырсақтар мен наурыз көжеден қонақтарымыз дәм татты. Келген балаларға кітапхананың атынан және Рабиға апаның қолынан шағын сыйлықтар табыс етілді. оқу залының кітапханашысы Ж. А. Аитбаева
| |
Просмотров: 1235 | Добавил: L@RA |
Всего комментариев: 0 | |