12:41 «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны | |
Биыл халқымыздың дара ұстазы, ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсаринге 175 жыл толып отыр. Сайысқа қатысушылар №5 КМЛ, №9 орта мектебі, дарынды балаларға арналған «Болашақ» мектебінің жоғарғы сынып оқушылары және Тау-кен техникалық колледжі мен №2 құрылыс-техникалық колледжінің студенттерінен құралған командалар өзара сайысқа түсті. Командалар өз білімдері мен дарындарын жоғарғы деңгейде көрсетіп, Ы. Алтынсаринге арналған кітаптарды оқығандықтарын байқатты. Өйткені ойынның сұрақтарының барлығы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналған 1965 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан Ә. Дербісәлиннің және Д. Әшімханұлының 2003 жылы «Таным» баспасынан шыққан Ыбырай Алтынсариннің «Бір уыс мақта» әңгімелер жинағынан алынған.
| |
Просмотров: 921 | Добавил: natmay |
Всего комментариев: 0 | |