Четверг, 21.11.2024, 16:45
Приветствую Вас Гость | RSS
Погода
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2016  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Архив записей
Мини-чат
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0

Главная » 2016 » Декабрь » 9 » «Мамандығым – шаттығым»
17:08
«Мамандығым – шаттығым»

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу қарсыңында, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық актіні жүзеге асыру мақсатында 2016 жылдың 09 желтоқсанында жастармен Степногосрк қ. прокурорымен кездесу болды.

Орталық қалалық кітапханаға Степногорск қ. прокурор көмекшісі  – Сейсенбаев Құмар Маратұлы және №9 орта мектептің  11-сынып оқушылары  шақырылды.

Жастар өздерін толғандыратын сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды: прокуратура қызметінің негізгі бағыттары, жетістіктері, Тәуелсіздік жылдарында прокуратурада болған өзгерістер туралы, оның жастарға деген көзқарасы, өмірлік ұстанымы, Степногорск қ. жайлы пікірлерімен бөлісті.

Кездесу кезінде Құмар Маратұлы оқушыларға неге заңгер мамандығын таңдағандығы, өзінің ең басты өмірлік қағидалары, балалық шағында нені армандағандығы, өмірде өзінің қандай жетістіктерімен мақтана алатындығы жайлы әңгімелеп берді.

Құмар Маратұлы өмірінің негізгі қағидаларын атады: адалдық, шыншылдық, жауапкершілік, еңбекқорлық.

Кездесу кезінде оқушыларды аса қызықтырған прокурордың жеке өмірі жайлы, прокурорлық қызметтің қыр-сыры, әріптестеріне, жастарға деген сыйластығы туралы әңгімелері.

Қойылған сұрақтар барысында оқушылар оның кең дүниетанымы, қызығушылықтары, спорттың қай түрін ұнататындығы, кітап оқуға деген махаббаты жайлы білді.

Оқушылардың «Табысты тұлға болудың жолдары» деген сұраққа Құмар Маратұлы табысты тұлға болу үшін сауатты, еңбекқор, адал, тұрақты қағидаларға сүйенген тұлға болу керек деп жауап берді.

Құмар Маратұлы болған кездесу кезіндегі жылы қарым-қатынастардан, жайлы атмосферадан оқушылар жақсы әсер алды, оның адами және кәсіби қасиеттері олардың тұлға ретінде қалыптасуларына жақсы бағыт бола алады.

Просмотров: 666 | Добавил: natmay
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]