Главная »
2016 » Октябрь » 19 » «Ұлтымыздың мұрагері – иманды ұрпақ»
09:55 «Ұлтымыздың мұрагері – иманды ұрпақ» |
Қай халықтың болмасын, мемлекеттік даму стратегиясында жастарға, жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен техникалық жаңалықтар кең құлаш жайған заманда, оқуға, ғылымға, тәжірибеге сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс. Алайда, жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек білімде деп айтсақ жеткіліксіз. Осыған орай, «Ұлтымыздың мұрагері – иманды ұрпақ» тақырыбында қалалық мешіт имамы Берік Иранұлымен кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараға Тау-кен техникалық колледжінің студенттері мен мұғалімдері қатысты.
Шара барысында жастарға үлгі ретінде видео, презентация көрсетілді. Кешіміздің қонағы Берік Иранұлы Дінаралық қатынас, Ислам діні мен шариғаттары жайлы және қазақтың салт-дәстүрі, ақындар шығармаларымен исламның үндесіп жатқанын да айтып өтті.
Абайдың ұрпаққа ұсынар бағыты — адамгершілік жолы. Ақын өзінің көптеген шығармасына «адам бол» деген этикалық принципті арқау етеді. Абай «адам» деген ұғымды кең де терең түсінеді. Ойшыл ақынның түсінігінде адам — ақылдылық пен еңбек сүйгіштіктің, әділдік пен білімділіктің, махаббат пен адалдықтың жиынтығы. Осы қасиеттерді бойына сіңірген кісі нағыз иманды адам дейді. Абайдың өлеңдерінен де үзінді оқып берді.
|
Просмотров: 968 |
Добавил: natmay
|
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]