16:47 «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» | |
«Бұл адамдарды басты бір мақсат біріктіреді. Ең бастысы олар Қазақстандықтар деген құрметті атаққа ие. Олар мықты да тұрақты достық қарым-қатынасқа қол жеткізіп, әрбір халық өзін еркін сезінетін үлкен орда яғни мемлекет құрды. Бірлік пен ынтымақтастықты ұран еткен түрлі халықтар өздеріне тән ұлттық дәстүрін сақтап және түпкілікті халықтың салттарын құрметтей отырып, сүттей ұйыған бір шаңырақтың астына жиналды» - деп ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай 1992 жылы қазан айында Алматыда өткен Рухани келісімнің Бүкіләлемдік Конгресі Рухани келісім күнін атап өтуге жол салды. Конгресске қатысушылар 18-қазанды өзара келісім, руханият пен ынтымақ күні ретінде атап өту жөнінде шешім қабылдады. Қазіргі таңда дін қоғамымыздың ажырамас бөлігі болып табылады, сондықтан мемлекет Қазақстандағы діни қатынастарды дамытуға әрқашан ерекше көңіл бөлуде. Осындай рухани мерекені атап өтіп, жас ұрпаққа дін жайлы түсінік беру мақсатында балалар кітапханасында «Ислам – адамзаттың асыл тәжі» атты іс-шара Мәлік Ғабдуллин атындағы №9 орта мектептің 8-сынып оқушылары мен тарих және дінтану пәнінің мұғалімі Арапов Сәрсенбай Октябрұлының қатысуымен өткізілді. Кешіміздің басты қонағы Қалалық мешіттің Наиб имамы Алмас Таймасұлы Діндер бірлестігі оның ішінде Ислам діні жайында балаларға насихат берді. Шара соңында «Дін және қоғам» атты арнайы дайындалған кітап көрмесімен таныстырылды. Біз Ислам дініне немқұрайлы қарайтындардан жоғары тұратын парасатты мұсылман тұлғасын тәрбиелеуге мүдделіміз. Ислам сөзі негізінен өте ауқымды, кең мағыналы термин. Ал иман осы ауқымды, кең мағыналы ұғымның бір бөлігі ғана. Ислам негізінен берілу, тәслім болуды білдіреді. Тәслім болу, мойынсұну үш түрлі жолмен: жүрекпен сену арқылы, тілмен айту арқылы және дене мүшелерімен құлшылық ету арқылы жүзеге асады. Бұлардың ең жоғарғы мәртебесі жүрекпен сеніп берілу. Міне, мұны иман дейміз. Бұл өмірде Аллаһ Тағала дүниені сүйген құлына да, сүймеген құлына да береді. Бірақ иманды тек сүйген құлына береді. Расында, иманды болайық құрметті мұсылман қауым! Арапбаева Индира Қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі міндетін атқарушы | |
Просмотров: 1570 | Добавил: manap |
Всего комментариев: 0 | |