19:53 «Дулат жырау тағылымы» | |
Орталық қалалық кітапханада халқымыздың ұлы ақындарының бірі Дулат Бабатайұлының шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті. «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында ұйымдастырылған шара барысында жастар ақынның өлеңдерін оқып, тың мәліметтерге қанықты. Дулат-бар ақындық қуатын ел-жұртының санасын өлеңмен оятуға ат салысқан тарихи тұлға, сондықтан да оның шығармашылығы жастарға оң әсерін тигізері сөзсіз. Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстыру, жастарды кітап оқуға шақыру мақсатында «Дулат жырау тағылымы» атты әдеби кеш 3517 әскери бөлім сарбаздарының қатысуымен өтті. Кітапханашы шараны Д.Бабатайұлының «Қайғылыны уаттым» өлеңімен бастады. Әрі қарай презентация арқылы өмірінен және шығармалаларынан деректер айтылды. Көрермендерге видео көрселімі де ұсынылды. Арнайы қойылған кітап көрмесіне шолу жасалды. Әдеби кеш барысында өнер жолына ерте түскен, орта ғасырдағы қазақ ақындарының ең таңдаулы өкілдерінің ортасынынан ойып тұрып орын алатын Дулат Бабатайұлының өлеңдерінжас сарбаздар оқыды. «Кітап – өмір ұстазы», ал бұл әлемнің тетігі – оқырман». Сол себепті, бүкіл рухани байлықтың қайнар көзі – кітапханаға келіп, оқырмандардың ілімге, білімге деген құштарлығын одан әрі арттырып, білім кәусарынан сусындатып, елінің тағдыры мен тарихын, арманы мен мұратын, тілі мен ділін, дәстүрін және ғылым иріміне терең сүңгимін деген жанға кітапхана есігі әрдайым ашық. | |
Просмотров: 4560 | Добавил: natmay |
Всего комментариев: 0 | |