17:19 БиблиоFest «Жалындаған жастар – еліміздің ертеңі!» | |
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауы – біз үшін қуантарлық жағдай. Соған байланысты орталық қалалық кітапханада «Жалындаған жастар – еліміздің ертеңі!» атауымен БиблиоFest ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға «Мақсат», Индустриалды техникалық, Тау-кен техникалық колледжінің студенттері, жас спортшылар, дарынды балалар қатынасты. Салтанатты іс-шараны Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айтпаева Б.Е. ашып берді. «Кез келген елдің, ұлттың болашағы, қозғаушы күші білімді жастар. Тәуелсіздік рухымен өсіп келе жатқан бүгінгі жас буын – біздің ертеңгі үмітіміз, сенімді тірегіміз. Жастар жылында жастардың өзін дамытуына үлкен мүмкіндік бар. Еліміздің барлық жастарына тек сәттілік тілеймін!» деп өз сөзін түйіндеді. Жас спортшылар жетістіктері туралы айтып өтті. Жас қаламгерлер өз жалынды жырларын оқыды. Қорытынды сөзде «ОКЖ» КММ жетекшісі Мухамадиева Р.К жастарға өз ігі тілегін білдіріп, мақтау грамоталарын табыстады. Молодежь – это вечный двигатель будущего. К Году молодежи в центральной городской библиотеке был проведен БиблиоFest «Молодежь – будущее страны», на котором присутствовали старшеклассники спортивной школы им. Богенбай батыра, студенты колледжей города «Максат», горно-технический, индустриально-технический. Вниманию молодежи была представлена книжная выставка-кроссворд «Для молодых и инициативных», электронная игра «Степногорск и молодежь». Напутственное слово молодым прозвучало из уст уважаемых людей -руководителя отдела культуры и развития языков Б. Е. Айтпаевой, активной общественницы, читателя библиотеки Б. К.Оспановой, одного из старейших работников библиотеки Н. В. Тележинской. Кульминацией мероприятия стало выступление молодых талантов колледжей города. Ребята пели, танцевали, читали стихи, тем самым доказав, что в Степногорске самая активная, креативная и талантливая молодежь. В общем, праздник удался! | |
Просмотров: 1048 | Добавил: natmay |
Всего комментариев: 0 | |